Әлем

Елу бес жастағы әйел тұңғыш жиенін өзі дүниеге әкелді

© AP Photo / Teresa CrawfordЖүктілік
Жүктілік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өмір – ата-ананың балаға сыйлайтын баға жетпес сыйлығы, алайда британдық әйел онымен тоқталмай қызының баласына суррогат ана болды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Ұлыбританияда тұратын Эмма Майлс қаңтар айында үшінші рет ана және алғаш рет әже атанды, деп жазады ВВС.

55 жастағы Эмманың үлкен қызы Трейси он алты жасында Майер—Рокитанский—Кустер—Хаузер синдромына шалдыққанын білген, яғни оның жатыры жоқ болғандықтан, бала көтеріп, босана алмайды.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Екі ай бұрын көз жұмған қыз дүниеге дені сау сәби әкелді

Бұл жайтты білген кезде Эмма Майлс қызы сәби сүйгісі келгенде суррогат ана болуға уәде береді. Трейси 31 жасқа толғанда күйеуі Адам екеуі анасының сол ұсынысын еске түсіреді. Абырой болғанда, синдром келіншектің аналық безіне зақымдамай, дәрігерлер ЭКО жасау үшін Трейсидің аналық жасушасын пайдаланады.

"Анам салмақ тастап, гормонды препараттар ішуге мәжбүр болды. 2018 жылдың мамырында эмбрионды құрсағына салып берген соң, жүктілігі бір қалыпты өтіп, қаңтар айында қызымыз Эвиді кесар тілігі арқылы өмірге әкелді", - дейді Трейси.

Қазір Трейси мен Адам Эвиді асырап алу үшін құжат ресімдеп жатыр, себебі Ұлыбритания заңы бойынша сәби Трейсидің ата-анасының баласы болып саналады. Эмма Майлс жеңіл босанып, қызы тағы да ана атанғысы келсе, Эвиге сіңлі немесе іні туып беруге дайын екенін айтты.

"Менің аяғым ауыр екенін білгенде Трейсидің қатты қуанғаны әлі есімде. Әже атанғаныма бақыттымын", - дейді Майлс.

Жаңалықтар
0