Әлем

Сәбиін құшағына алып, көлік айдаған көпбалалы ана жұрттың ызасына тиді – видео

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуКөлік рөлі
Көлік рөлі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзінің көлігінде түсірілген видеомен әйел әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Төрт баланың анасы кішкентай баласын құшағына алып, көлік айдаған. 28 жастағы Агина әлеуметтік желілерде бір қолымен баласын, екінші қолымен көлік рөлін ұстап отырған видео жариялады, деп хабарлайды ресейлік НТВ арнасы.

"Көлікте отырсам да, баламды жанымнан бір елі қалдырғым келмейді. Ол мен үшін ауамен бірдей, өмірімнің мәні",- деп жазылған видеода.

Әйел жолға қарамай, баласын сүйіп отырғанын да көруге болады. Ресейдің Набережные Челны қаласының тұрғындары Агинаның мұндай қауіпті әрекетін өзге бейнелерден де байқаған. Әйел видеолардың бірінде баласын қасына алып, көлік жүргізген. Өзі де, баласы да қауіпсіздік белдігін тақпапты.

"Заң бәрі үшін бірдей емес пе? Балаға да, өзіңізге де, жолдағы өзге адамдарға да қауіп төндіріп тұрсыз. Осындай видеоны жолда емес, үйде түсіруге болмай ма?",-  деп ызаланды жергілікті тұрғындар. 

Жаңалықтар
0