Мысық

Мысық жарты сағат кір жуғыш машинада жуылса да, аман қалды

85
Дәрігердің айтуынша, мысықтың сүйегі сынбаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Австралия тұрғынының алты айлық Поппи атты мысығы 30 минут кір жуғыш машинаның ішінде киімдермен бірге жуылып, аман қалды, деп хабарлайды ABC News.

Австралиялық әйел Ким Барр сүйікті мысығының кір жуғыш машинаға қалай түсіп кеткенін өзі де білмейді. Оның айтуынша, Поппи лас киімдер жатқан себетте ұйықтап қалыпты. Кейін киімдердің арасында жатқан мысықты иесі байқамай, кір жуғыш машинаның ішіне салып жіберген. Біраздан соң Ким Барр отбасымен бірге мысықты іздей бастайды, бірақ еш қай жерден таппайды.

"Үйдің түгел қарап шықсақ та, таба алмадық", - дейді жануардың иесі.

Содан кейін отбасы мүшелері мысықты іске қосылған кір машинаның ішінен тауып алыпты. Ол машинаның ішінде жуылған киімдермен бірге сығылып жатыр екен. Осыдан кейін Поппидің иесі оны бірден ветеринарға апарады.

Дәрігер мысықтың басынан жарақат алғанын, көзін ауыртып алғанын анықтайды. Сонымен қатар Поппидің дене температурасы қалыпты нормадан төмен болған, әрі өкпесіне су жиналыпты. Бір қызығы, мысықтың сүйегі сынбаған.

85
Кілт сөздер:
мысық
Загрузка...