Казуар

Құс иесіне бас салды: ер адам алған жарақатынан көз жұмды

1864
Оқиға АҚШ-тың Флорида штатында болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. АҚШ-та құс өзінің иесін өлтірді, деп хабарлайды Evening Standart.

Оқиға Флорида штатындағы фермалардың бірінде болған. Алачуа округінің құтқару қызметі айдарлы түйеқұс өз иесіне тап бергенін айтады. 75 жастағы Марвин Ахос құлаған кезде, оған казуар бас салған. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Құс ферманың аумағында қалды. Оны мамандар бақылайтын болады.

Казуар ең қауіпті құстардың бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Олардың биіктігі екі метрге дейін жетеді. Салмағы – 60 келі. Казуар құсы жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін жеткізе алады. Олар сирағымен жойқын соққы жасайды. Тырнақтарының ұзындығы он сантиметрге дейін жетеді.  

1864
Кілт сөздер:
АҚШ, оқыс оқиға, құс
Тақырып бойынша
Зейнеткер өзі құтқарып алған қос ләйлекті бағып жүр
Күміс көмей, жез таңдай: әнші тотықұстар жұртты тамсандырды - видео
Әлемге әйгілі бүркітші қазақ қыз Бурабайға келді
"Қарным аш!" Қарғаға тіл үйретіп еді, тамақ сұрап әлек қылды - видео
Айдалаға тасталған жұмыртқалардан балапандар жарып шықты
Загрузка...