Әлем

Отбасындағы ұрыс-керіс нәтижесінде ерлі-зайыпты орасан зор байлыққа кенелді

CC0 / RyanMcGuire / Ұрыс-керіс
Ұрыс-керіс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездейсоқ сатып алған лотерея билеті отбасыға қомақты олжа әкелді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Австралиялық ерлі-зайыпты ренжісіп қалғандарының арқасында лотереядан қомақты ұтыс иеленді, деп хабарлайды UPI порталы.

Доллар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Отбасылық дәстүрді үзбей жалғастырған ағайындылар аяқ астынан үлкен олжаға кенелді

Батыс Австралиядағы Олбани қаласында тұратын құмар ойынға әуес ерлі-зайыпты әрқашан екі адамға бір лотерея билетін сатып алады екен. Алайда бұл күні екеуі ренжісіп қалып, жеке-жеке лотерея ойнамақ болады.

"Күйеуімнің билет сатып алғанын көріп, ұтыс нәтижесін білмек болдым", - дейді әйел адам.

Ол сауда орталығына барып, тағы бір билет сатып алады. Негізінде келіншек бұл лотереяға қатыспайтын көрінеді.

Бір қызығы, кездейсоқ сатып алынған билет отбасыға 717,5 мың доллар олжа әкелді. Жеңімпаздар ақшаны қайда жұмсайтындарын айтқан жоқ.

Жаңалықтар
0