Жедел жәрдем көлігі

Ерекше селфи жасамақ болған студент ажал құшты

1278
Америкалық студент 12 метрлік мұнарадан құлап, көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. 22 жастағы студент университет бітіруге бірнеше апта қалғанда оқу орнының мұнарасына шығып, селфи жасамақ болған. Алайда ол мұнараның төбесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды New York Post.

Сидни Монфрис Нью-Йорктің әсем көрінісін суретке түсіру үшін Фордем университетінің 12 метрлік мұнарасына шыққан. Ол таңертең достарымен бірге тар баспалдақпен мұнараның төбесіне шыққан. Әлеуметтік желіге фото жасаған кезде құлап, мерт болды.
Құтқарушылар қызды мұнараның төбесіне әрең алып шыққан. Сидни алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Бірнеше сағат бойы жанында ата-анасы болған.

Сидни журналистика мамандығында оқыған. Мамыр айында диплом алуы тиіс болатын. Университет өкілдері қызға өлгеннен соң бакалавр дипломын беруді шешкен.

1278
Кілт сөздер:
АҚШ, селфи, студент
Тақырып бойынша
Өзгенің әйелімен суретке түскен 24 жастағы футболшы қор болып өлді
Құрылыс алаңына ерекше селфи жасауға барған оқушыларды зорлап кетті
Петропавлда құрылыс алаңынан студент қыздың мәйіті табылды  
Алматы облысында терезеден құлаған бүлдіршін көз жұмды
Селфи жасамақ болған турист көпірді құлатты
Загрузка...