Нәресте

Әйел "мас" нәресте босанды дәрігерлер сәбидің жағдайы туралы айтты

6215
Баланың анасы ауруханаға мас күйінде түскені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Литвадағы Клайпедский университетінің ауруханасында "мас" нәресте дүниеге келген. Оның қанында төрт промилле алкоголь болды, деп хабарлайды Sputnik Литва.

Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасады - министр пікір білдірді

Баланың 35 жастағы анасы ауруханаға мас күйінде түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір әйелдің жағдайы қалыпты. Алайда нәрестенің денсаулығына байланысты нақты болжам айтылмай отыр. Өйткені оның қанындағы алкогольді шығару үшін бірнеше апта қажет.

Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды - үшінші бала қайда?

40 жылдық тәжірибесі бар дәрігерлер мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрғанын айтады.

"Әдемі қыз бала дүниеге келді. Салмағы – екі жарым келі. Бәрі жақсы. Алдағы уақытта жағдайы қалай болатыны әлі белгісіз ", - дейді дәрігерлер.

Олар 2,5 промилле алкоголь, тіпті, ересек адам үшін мастанудың өте жоғары деңгейі саналатынын айтады. Ал төрт промилле болса, адам жүрегіне зақым келуі мүмкін.

6215
Кілт сөздер:
сәби, дәрігерлер, әйел, нәресте
Тақырып бойынша
26-қабаттан құлап түскен бүлдіршін үстін қақты да, кете барды – жантүршігерлік видео
Сәби екпеден көз жұмды: тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана қызметкері істі болды
Қостанай облысындағы жол апатында екі жасар сәбидің қолы жұлынып кетті
Қырғызстанда туған әкесі зорлап, жүкті қылған жасөспірім қыз босанды
Періштесі қақты: бір жарым жасар сәби 6-қабаттан құлап кетті
Загрузка...