Әлем

Ресейлік танымал әнші жол апатына ұшырады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуӘнші MакSим (Марина Абросимова)
Әнші MакSим (Марина Абросимова)  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртіс "Абонент недоступен" клипін түсіру үшін Мәскеуге қайтуға асығып келе жатқан  

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір— Sputnik. МакSим ретінде танылған ресейлік әнші Марина Абросимова жол апатына түсті. Қазір әртістің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады оның менеджері Маргарита Соколова.

Таяу уақытқа жоспарланған МакSимнің концерттері мамыр мен маусымға ауыстырылды.

"Жуықта көбіңіздің сүйікті әншілеріңіз МакSим әуежайға барар жолда ірі жол апатына ұшырады, ол "Абонент недоступен" клипін түсіру үшін Мәскеуге қайтуға асығып келе жатқан. Қазір қорқынышты күндер артта қалды, жағдай толық бақылауда, Маринаны үздік дәрігерлер емдеп жатыр – оларға көп рахмет", - деді Соколова.

Ол Маринаның кереуетте жатқан суретін жариялады, әншінің денесі көгеріп, қанталап кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Маргарита Соколова (@sokllovamargarita)

Дәрігерлер Марина ауруханада 20 мамырға дейін жатады деп болжап отыр. Менеджер әртістің тыңдармандарынан жағдайға түсіністік танытып, тезірек сауығып кетуін тілеуді сұрады.

Жаңалықтар
0