Әлем

Алабай көшеде келе жатқан оқушыға тап берді — видео

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуИт, архивтегі сурет
Ит, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Ресейдің Красноярск өлкесінде болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Красноярск өлкесінің Иланский қаласында алабай оқушыға тап берді. Оқиға көліктегі бейне камераға жазылған, деп хабарлады life.ru.

Оқушыны алабайдан жергілікті тұрғындар аман алып қалыпты. Олардың айтуынша, ит бұған дейін де адамға бас салған.

Шымкентте ветеринарлар иттерді балалардың көзінше атқан

Куәгерлердің бірі жазбада оқиға толық көрсетілмегенін айтты. Тұрғындар алабайдың қожайынымен дауласыпты. Ол итінің адамдарға тап беретінін мойындамаған.

"Ит баланы қауып алды. Әлі есімді жия алмай отырмын. Күйеуім де шошыды", - деді куәгерлердің бірі.

Алматыда қабаған иттер екі жасар қызды шайнап тастады

Әйел оқушының ата-әжесімен тұратынын айтты. Баланың қаншалықты зардап шеккені белгісіз.

Жаңалықтар
0