Әлем

"Ең болмаса, бір затты атаңызшы": желіде тарап кеткен жұмбақ сурет жұрттың басын қатырды

© Photo : Dean MoriartyСмартфондар
Смартфондар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары суреттегі бірде-бір затты атай алмай дал болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. АҚШ тұрғыны Twitter желісінде ерекше сурет жариялап, қолданушылардан не бейнеленгенін сұрады. Жұрт қанша ойланса да, бірде-бір заттың атай алмай, әбден дал болған.

​Желі қолданушыларының бірі шіркеудегі мехрабты көріп тұрмын десе, тағы біреу сол жақтағы заттарды вентиляция торына ұқсатты. Кейбіреулер әшекей-бұйымдарды сақтауға арналған қорап деп топшылаған.

Жұмбақ сурет желі қолданушыларының басын қатырғаны сонша - көпшілігі не екенін табудың орнына әзілге көшті.

"Е, адамдар инсульт кезінде осындай күйде болады екен-ау", - деп пайымдайды бір оқырман.

Тағы оқыңыз: Ғайыптан пайда болған ақын елді "шулатып" жатыр - видео

Сөйтіп, күдері үзілген халық суретте қабырғадан басқа ештеңені танымай тұрғанын мойындады.

Кейбір пысық қолданушылар суретті интернеттен іздеп табуға талпынса да, еш нәтиже бермеген.

Ал автор бірнеше пікірге жауап жазғанымен, құпиясын сол күйі ашқан жоқ.

Жаңалықтар
0