Әлем

Жалғызбасты ана сабаққа барғысы келмеген ұлын көлікпен басып өтті

CC0 / leversandpulleys / Әйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған бала бір апта комада жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Мичиган штаты тұрғыны – 36 жастағы Тиффани Косаковски өз ұлын көлікпен басып кеткені үшін жарты жылға сотталды, кейінірек жаза мерзімі бір айға қысқартылды, деп хабарлайды Buzzfeed.

Тағы оқыңыз: Әйел 17 жастағы қыздарды көлікпен екі рет басып өтті - видео

Жантүршігерлік оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Тиффани 9 жастағы Джулианды мектепке алып келіп, кіреберіске қалдырып кетеді. Балақай сабаққа қатысқысы келмей, анасының соңынан ілескен. Тиффани көлікке отырып, қозғала бастайды, бала болса көліктің артқы есігінің тұтқасынан ұстайды.

Сол сәтте анасы жылдамдықты арттырып, рөлді бұрып кеп жібереді. Балақай 43 метрдей тұтқаға жармасып тұрып, артынша көліктің артқы дөңгелегінің астына түскен. Оқиға салдарынан Джулиан көптеген сынық алып, басына өте ауыр зақым келеді. Ол бір апта бойы комадан жатқан.

"Өмір бойы ұмыта алмаспын. Қазіргі бар уайымым – баламның денсаулығы. Үнемі қасында болып, өзім бағамын", - дейді Тиффани Косаковски.

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысы тұрғыны әйелі мен қызын басып өлтірді

Қазір Джулиан есін жинаған, әлі біраз уақыт емделіп, физиотерапия алуы тиіс. Бала мен оның егіз қарындасына әкесі Джон Родригез қарап жатыр. Ол бес жыл бойы балаларының тәрбиесіне араласпаған көрінеді. Ал Тиффани бір ай түрмеде отырады.

Жаңалықтар
0