Бойжеткен

"Басқа амалым жоқ" Қарызға белшесінен батқан студент қыз пәктігін саудаға салды

2816
22 жастағы студент ойы іске асқан жағдайда анасы мен сіңлісіне бар керегін сатып әперіп, қалған сомаға тиімді бизнес бастамақ

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Бразилиялық 22 жастағы студент қыз Даниэль Брин пәктігін аукционда 1 миллион долларға сатпақшы.

Бойжеткен жап-жас болса да, қарызға белшесінен батқан көрінеді. Отбасы жұпыны тұрғандықтан, өз күшімен төлемесе болмайды. Оқуынан қалмау үшін жарты күн ғана істейтін жұмысқа да тұрыпты. Бірақ бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған. Сөйтіп, ол пәктігін аукционда 1 миллион долларға сатуға бел буады.

Тағы оқыңыз: Пәктігін сататын қыздар Бекболат Тілеуханның зәресін ұшырды

Даниэль ешқашан жігітпен кездесіп көрмепті, сондықтан өзі қатты ұялады. Пәктігін сатып алғысы келетін жақсы бір адам кезігеді деп үміттенеді.

"Қалай болар екен деп уайымдап жүрмін. Сатып алатын адам сыпайы кісі болсыншы деп үміттенемін. Қатты қорқсам да, басқа амалым жоқ. Қарыздан құтылып, отбасыма пәтер алып бергім келеді", - дейді бойжеткен.

Daily Mail хабарлағандай, 22 жастағы студент анасы мен сіңлісіне бар керегін сатып әперіп, қалған сомаға тиімді бизнес бастамақ. Сөйтіп, өз күнін өзі көргісі келеді.

Тағы оқыңыз: Пәктігі табылмаған қыздарды бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Алғашқы кездесуге қыз оққағармен бірге бармақшы. Ол бұл шешімі туралы жақын құрбысына ғана айтыпты. Егер ұтымды ұсыныс түсіп жатса, анасына да түсіндіріп айтқысы келеді.

2816
Кілт сөздер:
студент қыз, сату, пәктік
Загрузка...