Сұлулық байқауы жеңімпазының тәжі, архивтегі сурет

Сұлулық байқауы жеңімпазының жансыз денесі табылды қылмыстық іс қозғалды

4086
(Жаңартылды 11:17 03.05.2019)
Мексикада "Уругвай аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. 2006 жылы өткен "Уругвай аруы" байқауының жеңімпазы Фатими Давиланың жансыз денесі Мехико қонақ үйлерінің бірінде табылды, деп хабарлайды Universal порталы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fatimih Davila (@fatimihdavila)

Алдын ала мәліметке сәйкес, 31 жастағы Фатимидің денесі қонақ үйдің жуынатын бөлмесінде табылған. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Мехико прокуратурасы шетел азаматының өлімін растады. Фатими Мехикоға 23 сәуір күні жұмысқа орналасу үшін келген. "Мисс Уругвай" байқауындағы жеңісінен кейін ол модель болып қызмет атқарыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Fatimih Davila (@fatimihdavila)

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда полицейлер Фатими өз-өзіне қол салды деген болжамды да жоққа шығармайды.

Мексикада шетелдік модельдердің өлімі соңғы жылдары жиілеп кеткен. 2018 жылы  ел астанасының маңында азаптап өлтірілген тағы бір модельдің денесі табылды. Ол Венесуэла азаматы болатын. 2017 жылдың желтоқсан айында аргентиналық қыз өлтірілді. Бұған дейін Нуэво-Леон штатында шетелдік модельді атап тастаған болатын.

4086
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, жеңімпаздар, сұлулық байқауы
Тақырып бойынша
19 жастағы Мәдина Батық "Қазақстан аруы" атанды – фото
Қазақстан аруы-2019: көркіне көз тоймайтын хас сұлулардың суреті
Сұлулық байқауына қатысқан ару трактордың астына түсіп көз жұмды
"Ғалам аруы" 19 жасында қайтыс болды
Сұлулық сырлары: 40 жаста он сегіздегі қыздай құлпыру үшін не істеу керек?
Загрузка...