Ер мен әйел, архивтегі фото

Орға өзі түсті: Қызғаншақ еркек әйелін аңдимын деп ел-жұртқа масқара болды

12624
(Жаңартылды 14:45 03.05.2019)
Гомес есімді 50 жастағы еркек 24 сағат бойы сыртқа шыға алмай, көмек сұрауға мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Mexico News Daily порталы Мексиканың Пуэрто-Пеньяско қаласында болған күлкілі оқиға туралы жазды.  

25 сәуір күні 58 жастағы Гризельда Сантильян үйінің астынан бір түрлі дыбыс шығып жатқанын естіген. Ол алдымен мысықтар жүрген болар деп ойлайды. Дегенмен, шу күшейе түскен соң, әйел зерттеу жүргізіп көрмекші болады.

Украинада 31 жастағы келіншек бірге тұратын жігітін қызғаныштан пышақтап тастады 

Гризельда Сантильян үйдің маңынан қазылған туннель, бірнеше пышақ пен су құйылған бөтелкелер тауып алған. Туннелдің ішінде оның бұрынғы күйеуі – 50 жастағы Гомес отырған болып шығады, ол 24 сағат бойы сыртқа шыға алмай, көмек сұрауға мәжбүр болған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар оны туннельден 45 минут дегенде әрең шығарып алған. Гомес қатты шөлдеп қалғандықтан ауруханаға жатқызылды.

Ауруханадан шыққаннан кейін ер адам әйеліне жақындауға тыйым салған сот шешімін бұзғаны үшін қамауға алынды.

Сантильян күйеуімен оның шектен тыс қызғаншақтығы кесірінен ажырасып кеткенін мәлімдеді.

12624
Тақырып бойынша
Кореяда қонақүйде мауқын басқысы келгендер бүкіл әлемге масқара болды
Тележүргізуші әйел қызғаншақ әріптесінің басын жарды
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Түркістан облысында полицей қызғаныштан жігітті ұрып, бетіне түкірген
Әйел күйеуінің ашынасын соққыға жықты - видео
Келісімін ала алмаған: Түркістанда жас жігіт сүйіктісін тұншықтырып өлтірді
Загрузка...