Барыс пен кесірткенің айқасы

Өліспей беріспеді: Барыс пен кесірткенің айқасы видеоға түсірілді

3027
Роликтен кесіртке барыстың шабуылынан құйрығымен қорғанып жатқанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасындағы Крюгер ұлттық паркін аралап жүрген турист барыстың келеспен (кесіртке) шайқасын видеоға түсіріп алды.

Бұл көріністің ерекше болып шыққаны соншалық, қорық басшылығы видеоны өздерінің ресми интернет-ресурстарында жариялады.

Роликтен кесіртке барыстың шабуылынан құйрығымен қорғанып жатқанын көруге болады, алайда бір кезде жыртқыш бауырымен жорғалаушыдан айласын асырып, оны өлтіреді. 

"Кесіртке жыртқыштан қауіп төнгенін түсініп, құйрығымен сабалап, қорғана бастады. Құйрық өте қуатты құрал болып шықты – оның соққыларынан барыс есеңгіреп қалды. Дегенмен жыртқыш кесірткеден айласын асырып, оның мойнынан шап беріп ұстап алды. Барыс жемтігін алып, бұталардың арасына кіріп кетті", — деп атап өтті ролик авторы Коста Франгескидес.

  

3027
Кілт сөздер:
видео, кесіртке
Тақырып бойынша
Қорқаулар арыстанды жеуге келді, соңында өздері жем бола жаздады – видео
Ер адам бір жасар қызын орап алған алып жыланмен айқасты
Қоңыр аю өзінің туысын кірекейді ренжіткені үшін талап тастады – видео
Турист екі қоңыр аюдың айқасын видеоға түсіріп алды
Загрузка...