Телефон

Тікелей эфирде тірі сегізаяқты жемек болған қытай қызының жан дауысы шықты видео  

8938
Блогер тірі сегізаяқты жеп, дүйім жұртқа танымал болғысы келген. Ол қолданушылардың назарын аудара білді, алайда бәрі өзі жоспарлағандай болмады

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Оқиға YouTub-те тікелей эфирде болды, деп жазды The Daily Mail. Видеодан сегізаяқ блогердің бетіне жабысып, қорғанып жатқанын көруге болады.

Алдымен қыз өзін байсалды ұстайды, алайда су жәндігінің оңай жебере салмайтынын сезіп, абыржып, айғайға басады.   

Ақыр соңында қытайлық блогер сегізаяқты қатты тартып жұлып алады да, бетіндегі қанаған жараны көреді. Видео кейіпкері жәндікті басқа жолы жеуге уәде берді.  

Теңіз шаяны өзін тірідей жеп жатқан қытай қызынан өлер алдында өш алды 

Қыз екі апта бұрын блог жүргізуді бастаған екен. Осы уақыт ішінде түрлі теңіз өнімдерін жеген, ал бұдан бұрынғы видеосында өз роликтерінің ешқайсы танымал болмағанын айтыпты.

Күлкілі оқиғаның 50-секундтық жазбасы қытай әлеуметтік желілері арқылы жылдам таралып кетті.  

8938
Кілт сөздер:
тікелей эфир, видео, қытай
Тақырып бойынша
Турист екі қоңыр аюдың айқасын видеоға түсіріп алды
Танымал қазақстандық блогер футболдан әлем чемпионатына бара жатып опат болды
Жолбарыстың видеосы қазақстандықтарды дүрліктірді: министрлік түсініктеме берді
Загрузка...