Әлем

Қарны ашқан аю аңшылардың тоңазытқышын ұрлап әкетті – күлкілі видео

CC0 / Skeeze / Аю
Аю - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аңшылар аспанға оқ атып, аңды қорқытпақ болғанымен, бұл әрекетінен түк шықпады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Петропавловск-Камчатский — Мильково тас жолында аю аңшылардың тоңазытқышын ұрлап әкетті.

"Звезда" телеарнасының ақпаратынша, ер адамдар жол жиегіне тоқтап, әңгімелесіп тұрған. Сол сәтте аю олардың көлігіне жақындап, тамақ салынған контейнерді ұрлап әкеткен.

Аңшылар аспанға оқ атып, аңды қорқытпақ болғанымен, бұл әрекетінен түк шықпады. Аю орманға қашып, жасырынып үлгерді.

Аңдың батылдығына қарағанда, тас жолдың бойымен өтетін жүргізушілер оны жиі тамақтандырып тұратын секілді.

Жаңалықтар
0