Жүгіруші

Супермен сияқты секірген желаяқ мәре сызығын бірінші болып кесті - видео

397
(Жаңартылды 08:24 13.05.2019)
АҚШ-та өткен жарыста спортшының мәреге жеткендегі секірісі жұрттың жағасын ұстатты

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. АҚШ спортшысы Инфинит Таккер SEC Outdoor Track & Field Championships турнирі аясында 400 метр қашықтыққа кедергіден аттап жүгіру жарысында соңғы сәттегі шалт қимылының арқасында мәре сызығын бірінші болып кесті.

Сол сәттің видеосын турнир ұйымдастырушылары Twitter аккаунтында жариялаған.

​Командаласынан озғысы келген Таккер мәре сызығынан жүгіріп өтуді емес, алға қарай секіріп, сызықтың ар жағына ұшып түсуді жөн көрген екен. Турнир ұйымдастырушылары мұны "Суперменнің секірісі" деп атады.

​Әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірмен толық келісіп, видеоның астында суперменнің суреттері және гифтерімен бөліскен.

397
Кілт сөздер:
жарыс, видео, спортшы
Загрузка...