Лопата

Аяғы шығып жатқан: Ит тірідей көмілген нәрестені құтқарып қалды

817
Баланың анасы 15 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты  

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Таиландтың солтүстік шығысындағы Накхон Ратчасима провинциясында ит егістіктен тірідей көмілген жаңа туған баланы тауып алды.  

Сәрсенбі, 15 мамыр күні 41 жастағы Уза Низайка фермерлік егістіктердің біріне итімен серуендеуге шығады. Серуендеу кезінде төбет аяқ астынан үріп, жерді қаза бастайды. Қожайын не болғанын білуге келгенде жердің астынан баланың аяғы шығып жатқанын байқап қалады. Ол дереу оны қазып алып, ауруханаға жеткізген.

Daily Mail мәліметінше, қазіргі таңда баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.  

Тағы оқыңыз:  Бақсының сөзіне ерген ерлі-зайыпты жаңа туған баласын тірідей көміп тастады

Полицейлер баланың анасын іздеп тапты – ол 15 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Қыз жүктілігін жасырып, жұрт көзінен таса жерде босанғанын мойындады. Ата-анасынан қорқып, баланы көміп тастауға шешім қабылдапты. Оқушының әке-шешесі баланы ауруханадан алып кетіп, тәрбиелеп өсіруді жоспарлап отыр екен.

Низайка ауыл тұрғындары төбеттің әрекетіне таңғалып, оны батыр деп атап жүргенін айтты. Ол Пинг Понг әрқашан адал әрі тілалғыш ит болғанын атап өтті.  

817
Кілт сөздер:
ауыл, нәресте, ит
Тақырып бойынша
Ер адам елу жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін үйінің жертөлесінен тапты
Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды
Қостанай облысының тұрғыны жолдасын тірідей көміп тастады
Шыбын жанын шырқыратқан: табиғат аясына шыққан үш жігіт жантүршігерлік қылмыс жасады
Загрузка...