Әлем

Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті

© REUTERS / GLEB GARANICHУкраина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украин халқына ант беру салтанатты рәсімі Жоғарғы Раданың отырысында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Владимир Зеленский дүйсенбі, 20 мамыр күні Украина президенті қызметіне кірісті. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы Жоғарғы Раданың салтанатты жиналысында ант қабылдады.

Халықтың еркімен сайланған президент Владимир Зеленский Украинаға адал болуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Украинаның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Украинаның әлемдегі беделін көтеруге салтанатты түрде ант берді.

Зеленский  тиісті құжатқа қол қойып, оны Конституциялық соттың басшысына тапсырды. Осыдан кейін Владимир Зеленский мемлекет басшысы билігінің ресми символдарын алды.

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский до начала церемонии инаугурации Ukrainian President-elect Volodymyr Zelenskiy greets supporters before his inauguration ceremony in Kiev, Ukraine, Monday, May 20, 2019. Television star Volodymyr Zelenskiy has been sworn in as Ukraine’s next president after he beat the incumbent at the polls last month. The ceremony was held at Ukrainian parliament in Kiev on Monday morning. (AP Photo/Efrem Lukatsky)
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін  - Sputnik Қазақстан
1/3
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін
2/3
Владимир Зеленскийдің Киевтегі ұлықтау рәсімі
© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский до начала церемонии инаугурации Ukrainian President-elect Volodymyr Zelenskiy greeds supporters before inauguration ceremony in Kiev, Ukraine, Monday, May 20, 2019. Zelenskiy overwhelming won the presidential election last month, beating incumbent Petro Poroshenko. (AP Photo/Efrem Lukatsky)
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін  - Sputnik Қазақстан
3/3
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін
1/3
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін
2/3
Владимир Зеленскийдің Киевтегі ұлықтау рәсімі
3/3
Владимир Зеленский ұлықтау рәсімі басталғанға дейін

Украинаның бұрынғы төрт президенті Леонил Кравчук, Леонид Кучма, Виктор Ющенко және Петр Порошенко Жоғарғы Раданың салтанатты отырысына қатысты.

Ұлықтау рәсіміне сондай-ақ құрметті қонақтар, атап айтқанда, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Венгрия басшылары, АҚШ-тың энергетика министрі және Канаданың қорғаныс министрі келді. Қазақстан делегациясын парламент сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барды

Жаңалықтар
0