WhatsApp

WhatsApp қолданушылармен соттасқалы жатыр

4202
Компания 2019 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа қауіпсіздік шараларын қолданады

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. WhatsApp танымал мессенджері пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін қолданушылармен соттасуға дайын екенін мәлімдеді. Ережелер сайттың қауіпсіздік туралы бөлімінде жарияланған.

"2019 жылдың 7 желтоқсанынан бастап WhatsAp қызмет көрсету шарттарын бұзуға көмектескен немесе сондай әрекеттерге қатысы бар қолданушыларға шара қолданатын болады", - делінген хабарламада.

Компания атап өткендей, хабарламаларды автоматты түрде немесе жаппай тарату және бағдарламаны жеке басына қатысты мақсаттардан бөлек пайдаланса, ереже бұзған болып саналады.

Сонымен бірге, қандай да бір компания WhatsApp мессенджерін ережелерді бұза отырып, пайдалануға ниетті екенін білдірсе, олар да жауапқа тартылмақ.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев WhatsApp арқылы тапсырма беретінін айтты

Айта кетсек, жуырда WhatsApp мессенджерінде қолданушылар арасында ақша аударымдарын жасау қызметі пайда болмақ. Мұндай мүмкіндік Үндістанда тест режимінде қолданылып жүр.

4202
Кілт сөздер:
соттасу, WhatsApp
Тақырып бойынша
WhatsApp арқылы енесіне хат жазған атыраулық жігіттің басы бәлеге қалды
Ер адам әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып, екі жылға сотталды
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады
WhatsApp-та жойылған хабарламаларды оқудың әдісі анықталды
Вице-министр: дүйсенбіден бастап Whatsapp-та мұғалімдер тобы ашылады
WhatsApp миллиондаған телефонда істен шығады
WhatsApp бүгіннен бастап хабарлама жіберуді шектейді
Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесіндегі Ресей азаматтары

Ресейде Конституцияға енгізілген түзетулерді сайлаушылардың 78%-і қолдады

31
(Жаңартылды 10:32 02.07.2020)
Бұл Ресейдегі орталық сайлау комиссиясының хаттамалардың 99 процентін өңдегеннен кейінгі ресми мәліметі

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Сайлаушылардың 78,03 проценті Ресей Конституциясына өзгертулер енгізуді қолдап, ал 21,16% қарсы дауыс берді, деп хабарлайды РИА Новости орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша хаттамалардың 99,01%-тен астамы өңделген.

Дауыс беруге келгендер шамамен 65%-ті құрады.

Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарында сайлау учаскелері жұмыс істеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс беру санитарлық нормаларға сай өтті. Ал азаматтар қашықтықты сақтауы үшін кабиналар бір-бірінен алшақ орнатылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Айта кетейік, 1 шілде Ресей Конституциясына өзгертулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталды.

31
Кілт сөздер:
дауыс беру, Ресей
Тақырып бойынша
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Путин ресейліктерге үндеу жасады - видео
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
Байқоңырда Ресейдің Конституциясына өзгертулерге қалай дауыс беріп жатыр
Путин Конституцияға түзету енгізуге дауыс берудің датасы туралы жарлыққа қол қойды
Қазақстан азаматының төлқұжаты

Ресейдегі қазақстандықтар 15 қыркүйекке дейін тіркеуден босатылды

70
Ресейде тіркеу мерзімі аяқталып жатқан Қазақстан азаматтарына 15 қыркүйекке дейін айыппұл салынбайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне байланысты шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы жарлыққа қол қойды. 

"15 наурыз-15 қыркүйек аралығында тіркеу мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтарына айыппұл салынбайды, депортацияланбайды", - деп жазылған елшіліктің сайтында.

15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін қазақстандықтар тіркеуден өтетін болады.

Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болады.

70
Ешім Саваш пен әкесі Махмұт Саваш

"Қазақша сөйлемеймін": Францияда мэрдің орынбасары болған қазақ қызы сұхбат берді

0
(Жаңартылды 17:51 02.07.2020)
Таяуда қазақстандық БАҚ беттерінде қазақ қызының Францияда қала басшысының орынбасары қызметіне сайланғаны жайлы ақпарат тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі 29 жастағы Ешім Савашпен байланысқа шығып, бойжеткеннің жаңа қызметі, Франциядағы өмірі жайлы сұрады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ешім Саваш (Yeşim Savaş) – 19 ғасырда Алтай өңірінде тұрған Қытайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған Зуқа батырдың ұрпағы. Ол 1991 жылы Парижде дүниеге келген. Алайда кейін әкесі Махмұт Саваштың жұмыс бабы бойынша отбасы Францияның солтүстігіндегі Крей қаласына қоныс аударады. Ешім осы жерде өсіп, 28 маусымда қала мэрінің орынбасары болып сайланды.

Пандемия кезіндегі сайлау

Ешім Саваш 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастайды. Ол осы жылы халықаралық деңгейде өткен жастардың кездесуіне қатысқан. Біраз уақыт өткен соң Крей қаласы жастарының кеңесіне мүше болып қабылданады. Айтуынша кеңес құрамына өту үшін де сайлау өтеді. Крей жастар кеңесі қала бойынша түрлі жобаны жүзеге асыру үшін 15-21 жас аралығындағы жастарға арнап форумдар өткізеді.

Ешім Саваш 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастайды
© Photo : Ешім Саваштың жеке архивінен
Ешім Саваш 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастайды

"Біздің кеңес жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік, денсаулық сақтау және аурудың алдын алу секілді жастарға арналған түрлі іс-шара өткізді", - дейді ол.

2014 жылы Ешім Крей жастар кеңесінің ішінен халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі болды, ал 2020 жылы қала мэрінің орынбасары болып сайланды.

"2014 жылы сайлауда жастар кеңесі кандидаттар арасында жеңіп шықты. Ал мен 2014-2020 жылдар арасында халықаралық қатынасқа жауапты болып сайландым. Сол алты жылды артта тастап, 2020 жылы кезекті сайлау өтті. Ол да оңай өткен жоқ, тіпті ұзақ уақытқа созылды. Себебі сайлаудың бірінші кезеңі коронавирустың өршіп тұрған кезі 15 наурызға тура келді. Бірінші кезеңнен кейін біз бірден оқшаулануға кетіп қалдық", - дейді Саваш.

Осылайша, Ешім Саваш мүше кеңес екінші кезеңде 51%-тен астам дауыс жинап, қалалық кеңесте мәжіліс өткізу мүмкіндігіне қайтадан ие болды.

"28 маусымда бізде қайтадан сайлау болып, жеңіп шықтық. Мұның бәрі Крей қаласының тұрғындары мен олардың сенімінің арқасында. Мен мэрдің орынбасары болдым, енді қала мәдениетіне ерекше көңіл бөлемін деп ойлаймын. Неге Қазақстан қалалары немесе қауымдастықтарымен бірігіп жобалар жасамасқа?!", - деген ойын айтты ол.

Францияда сайлау әр алты жыл сайын өтіп тұрады, тұрғындар кандидаттарға дауыс береді. Қалалық кеңесте кандидаттар арасынан таңдап алынғандар қала мэрі мен орынбасарларына дауыс береді.

Ұстаз әрі мэрдің орынбасары

Ешім университет қабырғасында аймақтық мекемені басқару саласында бакалавр дәрежесін алған. Ал магистратураны білім беру саласы бойынша бітірген. Ол 2017 жылдан бері мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Ешім Саваш ұстаздық қызметін жалғастыра бермек
© Photo : Ешім Саваштың жеке архивінен
Ешім Саваш ұстаздық қызметін жалғастыра бермек

"Францияда сайлауға түсетіндер басқа жерде де жұмыс істей береді. Соған қарамастан қызметке сайлана алады. Сондай мүмкіндік бар болғандықтан, мектептегі жұмысымды, ұстаздық қызметімді жалғастыра беремін. Мэрдің орынбасары қызметін де атқарамын. Яғни, екі жерде жұмыс істеймін", - дейді Ешім Саваш.

3 шілдеде Францияның Крей қаласында алғашқы ашық қалалық кеңес өтеді. Сол күні қала мэрі ресми түрде сайланады. Оның орынбасарларына да арнайы мойынорағыш (deputy-mayorscarf) тағылады. Содан бастап ресми түрде қызметіне кіріседі.

Ата-баба тарихын білгісі келеді

"Ата-әжем Алтайда тұрып, менің арғы атам Зуқа батыр қаза тапқан соң 1940-1945 жылдары Пәкістан мен Түркияға көшіп кеткен. Сол кезеңде ел ішінде бас көтеріп, көпшілікке көмек қолын созған Зуқа батырдың шөбересімін. Ол мен үшін үлкен тұлға. Ата-анам біздің арғы атамыздың ілім сүйген, оқыған кісі болғанын жиі айтып отырады. Мен өз атаммен мақтанамын", - дейді Ешім бабасы жайлы.

Ешім Саваш Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланды
© Photo : Ешім Саваштың жеке архивінен
Ешім Саваш Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланды

Сонымен қатар қойнауы тарихқа толы Алтай өлкесінде болып, ата-бабасының басынан өткен оқиғалармен танысқысы келетінін айтты. Түпкі тегі қазақ бойжеткен Қазақстанға келгісі келеді. Атамекенге бару мен үшін үлкен мәртебе болар еді, дейді ол.

"Қазақ тілінде сөйлей алмаймын, алайда кей сөзді түсінемін. Себебі менің ата-әжем қазақша сөйлейді, олардың әңгімесіне бірден араласып кете алмасам да, әңгіменің не жайлы екенін шама-шарқым жеткенше түсініп отырамын. Мен қандай да бір тілді тез меңгеріп аламын, егер қазақ тілін үйрену үшін сабақ алар болсам, үйреніп алатыныма сенімдімін", - дейді бойжеткен.

"Қиындықтарға төтеп бердік"

Крей – Францияның солтүстігіндегі қала. 2017 жылдағы мәлімет бойынша, ол жерде 36 мыңға жуық адам тұрады.

"Сайлау коронавирустың қызып тұрған шағымен тұспа-тұс келді. Біз бір жыл бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Бұл тым ұзақ уақыт болып көрінгенімен, барлығы жоспарланғандай, дайындықпен өтті. Осы уақыт арасында топ болып жұмыс істеп, бір-бірімізге қолдау көрсетуге үйрендік", - дейді Саваш.

Бұл пандемия кезінде де сынақтан бірігіп өтіп, қиындықтарды жеңу үшін жақсы мүмкіндік болды, деп толықтырды ол.

 

Францияда қала мәрінің орынбасары болған қазақ қызы Ешім Саваш
© Photo : Ешім Саваштың жеке архивінен
Францияда қала мәрінің орынбасары болған қазақ қызы Ешім Саваш

 

Франция үкіметі коронавирус кезінде медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге 1000 еуро көлемінде сыйақы берген. Жұмысқа баруға мүмкіндігі жоқ адамдарға да ақшалай көмек көрсеткен.

"Крей қаласының әкімі де жағдайды бақылауда ұстап, пандемияға байланысты туған қиындықтарды уақытында шешіп отырды. Жастар да өз ассоциациясы арқылы қарт кісілерге азық-түлік жеткізіп көмектесті. Муниципалитет көмекке мұқтаж жандарға маска мен азық-түлік таратты. Біз қиындықтарға төтеп бере алдық, оған халық та қуанды", - дейді ол.

Крейде қазақтар тұра ма?

Бойжеткеннің айтуынша, Саваш отбасы Францияның Крей қаласында тұратын жалғыз отбасы. Оның 27 жастағы Ясин есімді інісі мен 23 жастағы Дильяра деген сіңілісі бар.

"Крей қаласында жалғыз ғана қазақ отбасы тұрады. Ол – біз. Қазақтар мен қазақ қауымының мүшелері Париж бен оның маңында тұрады. Ал Крей қаласын әкем жұмыс бабымен таңдаған", - дейді Саваш.

Ал Ешімнің әкесі Махмұт Саваш Франциядағы қазақтар қауымдастығының төрағасы болып қызмет етеді.

0
Кілт сөздер:
сұхбат, қазақ қызы
Тақырып бойынша
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
"Менің кінәм емес...": Қытайдағы туыстарына барған қазақ қызы қиындыққа тап болды
Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы жайлы шындық ашылды
Қазақ қызы АҚШ пен Гонконг университеттерінің 11 грантын жеңіп алды
Апалы-сіңлілі қазақ қызы күтпеген жерден желіде танымал болды – видео
Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді