Нәресте

Жиырма секундтық видео сәбидің өмірін құтқарды

6297
Қыздың анасы видеоны дәрігерлерге көрсетіп, қауіпті сырқатты дер кезінде анықтаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Англияның Грейвзенд қаласының тұрғыны дәрігерлерге қызының 20 секундтық видеосын көрсетіп, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды The Mirror басылымы.

Джейд Родфордтың айтуынша, оның қызы Элла бірнеше күн қатарынан ауырған. Кейін жағдайы мүлдем нашарлап кетіпті. Дәрігерлер бүлдіршінді тексергенмен, қауіпті еш нәрсені байқамаған. Ауруханадан келген соң әйел қызды әжесімен қалдырып кетеді.

"Бес минуттан соң анам хабарласып, үйге тез жетуім керек екенін айтты. Элла тұншығып, денесі көкпеңбек болып кетті", - деп еске алады Джейд.  

Оның айтуынша, қыздың дене қызуы көтерілген. Джейд алаңдап, сырқат белгілерін телефонға түсірген. Видеода қыздың терісінде сары дақтардың қаптап кеткенін көруге болады. Әйел ауруханаға хабарласып, жағдайды түсіндірген. Бірақ ол жедел жәрдемді күтпей, дереу ауруханаға баруды шешіпті.

Сырқат белгілері тек үйде ғана көрінгендіктен, дәрігерлер нақты диагноз қоя алмаған. Сол кезде Джейд мамандарға видеоны  көрсетіпті. Бірер сағат ішінде сәбиде сепсис (қан бұзылуы) анықталды.

Тағы оқыңыз: Әйел мас нәресте босанды

Кішкентай Элла 12 күн бойы ауруханада жатты.

Қыздың анасы видео болмағанда Элла аман қалмайтын еді дейді. Сондықтан Джейд өзге де ата-аналар көрсін деп видеоны желіде жариялапты.

6297
Кілт сөздер:
өмір, нәресте, видео
Тақырып бойынша
Үшемнің орнына егіз босанды: "жоғалған" нәрестеге байланысты тексеріс аяқталды
"Қып-қызыл ет сияқты" 19 жастағы бойжеткен терісіз сәбиді өмірге әкелді
Әйел автобуста босанды: қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді
Аяғы шығып жатқан: Ит тірідей көмілген нәрестені құтқарып қалды
Қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алған жігіт желіні шулатты - фото
Загрузка...