Ана мен бала

Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек үшін курорттағы зәулім үйін сатпақ

7305
Мексика билігі түскен қаржыны әлеуметтік көмекке жұмсау үшін қымбат жылжымайтын мүлікті сатқалы отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Мексиканың мемлекет басшысы Андрес Мануэль Лопес Обрадор қайырымдылық мақсатында курорттардың бірінде орналасқан президент резиденциясын сатпақ, деп хабарлайды РИА Новости.

Президенттің Кинтана-Роо штаты Косумель аралындағы демалыс үйінде мемлекет басшылары ғана тұрады.

Курорт Косумель (Мексика)
Косумель курорты (Мексика)

"Косумельдегі Casa Maya президент үйінің жай-жапсарын мұқият зерттеймін, себебі оны сатып, түскен қаржыны Кинтана-Роода тұратын мұқтаж жандарға береміз", - деп мәлімдеді Мексиканың мемлекет басшысы.

​Айта кетсек, бұдан бұрын мексикалық есірткі сатушылардың иелігінде болған үйлер аукционға шығарылыпты. Барлығы 27 зәулім үй сатуға қойылып, бір күн ішінде олардың тоғызы 56,6 миллион песоға (3 миллион доллардай) сатылып кеткен.

Осы қаражаттың да басым бөлігі тұрмысы нашар отбасыларға көмекке жұмсалады.

7305
Кілт сөздер:
жылжымайтын мүлік, көмек, тұрмысы төмен отбасы, президент
Тақырып бойынша
Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты
Құрбан айтта президент сөйлеп жатқанда зымыранмен соққы жасалды
Мал қорадағы масқараны көрген президент облыс шенділерін қызметінен қуды - видео
Зеленский президент ретінде алға қойған бірінші мақсатын атады
Загрузка...