Гауһар тасты жүзік

Ең көп табыс табатын жұлдыздардың есімдері жарияланды фото

2467
Рейтингті 29 жастағы әнші бастап тұр. Ол бір жылда шамамен 185 миллион доллар табыс тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Forbes журналы ең көп табыс табатын танымал тұлғалардың тізімін жариялады.

Forbes рейтинг жасау кезінде жұлдыздардың 2018 жылдың маусымы мен 2019 жылдың маусымына дейінгі аралық есептелген. Салық пен команданың (менеджер, заңгер және т.б.) жалақысын төлегенге дейінгі сома есептелген.

Америкалық әнші Тейлор Свифт көш бастап тұр. Журналдың мәліметіне сәйкес, 29 жастағы әнші 185 миллион доллар тапқан.

© AFP 2019 / Rich Fury/Getty Images for iHeartMedia
Әлемдегі ең көп табыс табатын жұлдыз - Тейлор Свифт

Екінші орында косметикалық компания иесі, модель Кайли Дженнер. Оның табысы – 170 миллион доллар.

Американская модель Кайли Дженнер на ежегодном балу Института костюма в Метрополитан-музее
© AFP 2019 / Angela Weiss
Рейтингте екінші орынға тұрақтаған - Кайли Дженнер

Ал америкалық рэпер Канье Уэсттің табысы - 150 миллион доллар.

Рэпер Канье Уэст, архивное фото
© AFP 2019 / TIMOTHY A. CLARY
Америкалық рэпер Канье Уэст

Тізімді футболшы Лионель Месси (127 миллион) мен британдық музыкант Эд Ширан (110 миллион) жалғастырады.

Ең көп табыс табатын 100 жұлдыз тізіміне UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор да енген (65-орын). Ол рейтингіге енген жалғыз ММА спортшысы. Forbes мәліметіне сәйкес, ирландиялықтың жылдық табысы - 47 миллион доллар. Оның 30 миллионын Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жегі үшін алған.

2467
Кілт сөздер:
фото, есімдер, жұлдыздар, табыс
Тақырып бойынша
Қазақстандық танымал жұлдыздар ата-енесіне сәлем сала ма?
"Мәдениетсіздіктің белгісі" Мақпал Жүнісова әріптестеріне ұрсып тастады - видео
Мәскеуде Димашқа Медведевтің әйелі өз қолымен гүл сыйлады – видео
Танымал актер көз жұмды
Қазақстандық жұлдызды жұптардың махаббат хикаясы - фото
Загрузка...