Украина президенті Владимир Зеленский

Зеленский Украинаның қорғаныс министрін итеріп жіберді видео

409
Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Владимир Зеленский әскери қызметкерлерді далалық жағдайларда жайғастыруға арналған эксперименттік модульдерді қарап шығу кезінде қорғаныс министрі Степан Полторакты қолымен итеріп жіберді.  

Оқиғаның видеосы YouTube хостингінде жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Президенттің не үшін мұндай әрекет жасағаны айтылмаған.   

"Обозреватель" басылымы хабарлағандай, Украина басшысы алдымен Бас штабтың бастығы Руслан Хомчакпен, президент кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Рябошапкамен және тағы бір адаммен әңгімелесіп тұрады.

"Бір кезде Зеленский кілт бұрылып, жақындап келген Полторакты өзінен ары қарай итеріп қалады. Дегенмен кейінірек видеода ол күлімсіреп, қорғаныс министрінің баяндамасын тыңдап, оның иығынан қағады", - дейді басылымның авторы.

Тағы оқыңыз: Зеленскийдің кортежі жол апатына ұшырады - оқиға орнынан кадрлар 

Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Рябошапка "Зеленский қорғаныс министрін итеріп жібермегенін, әрі тұруын өтінгенін" айтты.  

409
Кілт сөздер:
видео, Зеленский
Тақырып бойынша
Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті
Тоқаев Зеленскийді айқын жеңісімен құттықтады
"Сайлауға түсуіне қарсы болған" Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз?
Бекназаров Украинаның жаңа президентіне Қазақстан халқының құттықтауын жеткізді
Зеленский жиналыс кезінде біртүрлі қылық жасап отырды – видео
Загрузка...