Әлем

Ресей президенті Қырғызстандағы саяси ахуал туралы пікір білдірді

Жазылу
Ресейдің мемлекет басшысы Кремльде Атамбаевпен кездесіп, Қырғызстандағы ахуалды талқылаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Алмазбек Атамбаевпен кездесуін қорытындылай келе, қырғызстандықтар қазіргі президент Жээнбековтің төңірегінде топтасуы тиіс деп пікір білдірді.

Ресей президенті атап өткендей, Қырғызстан бұған дейін бірнеше рет ішкі саяси шиеленісті бастан кешті, қазір елге тұрақтылық керек, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қырғызстан біздің одақтасымыз, бізге жақын мемлекет. Қырғызстанда бұған дейін бірнеше рет күрделі ішкі саяси толқыныс болды, дәлірек айтсақ, кем дегенде екі рет. Менің ойымша, Қырғызстан халқының мүддесі үшін мұндайды қою керек", - дейді Путин.

Оның айтуынша, республика тұрғындары қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтің төңірегінде топтасуы тиіс.

"Елге саяси тұрақтылық қажет. Бүкіл халық қазіргі президенттің төңірегінде топтасып, мемлекетті дамытуға көмектесуі тиіс", - деді Путин.

Ресей мемлекет басшысы Кремьде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, елдегі және аймақтағы ахуал туралы сөйлескенін хабарлады.

Еске сала кетсек, Атамбаев 24 шілдеде арнайы ұшақпен Мәскеуге аттанды. Ол Қырғызстанға 25 шілдеде оралады.

Тағы оқыңыз: Полиция Атамбаевтың үйіне кіре алмады

Маусым айында Қырғызстан парламенті Жогорку Кенеш алты қылмыстық іске қатысы бар Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Сөйтіп, бұрынғы мемлекет басшысы ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айырылды.

Алмазбек Атамбаевқа Қой-Тас ауылында жер телімін заңсыз алды, қылмыстық әлемнің серкесі А. Батукаевты заңсыз босатты, Субихи Пархатидің "Форум" ғимаратын алаяқтық жолмен сатты, Бішкек қаласындағы ЖЭС-ті реконструкциялау мен оған көмір сатып алу жұмыстары кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген айыптар тағылып отыр.

Жаңалықтар
0