Қария, архивтегі сурет

85 жастағы қария қаруланған қарақшылардың сазайын берді видео

1244
Қария мұндай жағдайда кез келген адам осылай істейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Үш қарақшы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасап, оңай жолмен ақша табуды жоспарлаған. Алайда 85 жастағы қария бұған жол бермеді.

Оқиға Ирландиядағы букмекерлік кеңсенің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бетіне маска киіп, қаруланған үш қарақшы кеңсеге баса-көктеп кірді. Оқиға орнында үш адам мен менеджер болған. Бір адам ұрыларды көре сала қашып кетті. Екіншісі үстел астына тығылды. Ал 85 жастағы Дэнис О'Конор міз бақпады. Ол ақырын ұрыларға жақындап, біреуімен төбелесе бастады, деп хабарлайды ВВС News.

Мұндай қолдауды көрген менеджер де екінші ұрыға тойтарыс берген. Ал үшінші қарақшы табаншамен бөлемнің басқа тұсында күтіп тұрған болатын. Қария оны да кеңседен қуып шықты. Сұқбат берген О'Конор мұндай көмектің салдарын ойламағанын айтты. Ол тек менеджерге көмектеспек болған. Қарияның айтуынша, кез келген адам осылай істейді. Алайда видеодағы өзге адамдарға қарап, мұны сенімділікпен айтуға болмайды.

1244
Кілт сөздер:
видео, қарақшылар, қару, қария
Тақырып бойынша
"Бір күнде отбасымнан айырылдым": қарттар үйіне түскен қарияның аянышты тағдыры
"Ақысын төлейтін" Ақтөбеде шалға тиген қыздың өмірі өзгеріп шыға келді
Жүз он бір жыл жасаған қария өлімнен қалай "қашқанын" әңгімелеп берді
Өскеменде 68 жастағы қария балаға оқ атты
60 жастағы қария төрт күн бойы ашық теңізде ас-сусыз жүзіп жүрді
Загрузка...