Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков

Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

4216
(Жаңартылды 14:09 03.08.2019)
Қырғызстан президенті Шу облысы Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесуде Атамбаев туралы сұраққа жауап берді  

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі тиіс екенін мәлімдеді.

 Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Шу облысы Панфилов ауданы тұрғындарының сұрағына жауап бере отырып, бұрынғы президентке қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

"Қырғызстандықтарды Алмазбек Атамбаевтың айналасындағы жағдайға қатысты менің көзқарасым қызықтырып отырғанын білемін. Соңғы кездері оның айналасында болып жатқан оқиға, оның ішінде Атамбаевтың тергеуге шақырылуы – заңды құбылыс. Құқықтық мемлекетте тек қана заң аясында әрекет ету керек. Адам кім болса да – бұрынғы президент пе, шенеунік пе, әскери немесе қарапайым қызметкер ме – бәрі заң алдында тең. Сонда ғана ел дамиды. Атамбаевтың ісі де Қырғызстан заңнамасы аясында шешілуі тиіс", — деп атап өтті президент.

Тағы оқыңыз: Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады 

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.

Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

Бұдан соң саясаткердің үйінің маңында жақтастары жинала бастады. ІІМ тергеу тобы Атамбаевты үш рет жауап алуға шақырды. Алайда ол барған жоқ. Жогорку Кенеш шешімін заңсыз деп санайтынын алға тартқан. Атамбаев Коституциялық палатаға талап жолдады.

4216
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков
Тақырып бойынша
Ресей президенті Қырғызстандағы саяси ахуал туралы пікір білдірді
Полицейлер Атамбаевтың үйіне кіре алмады
"Заң шеңберінен шығып кетті": Атамбаев үшінші рет тергеуге шақырылды
"Ашық ескертіп жатырмын": Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді
Мың жарым милиция қызметкері Атамбаевты күшпен ұстауға дайындалып жатыр
"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді
Назарбаев Қырғызстан президентімен не туралы сөйлесті?
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

12
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

12
Зертхана қызметкері

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ресми атауы жарияланды

56
Жаңа вакцина әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер еткендіктен, оған "Спутник V" атауы берілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. 1957 жылы алғаш ұшырылған жасанды Жер серігіне ұқсастығына байланысты коронавирусқа қарсы тіркелген әлемдегі алғашқы вакцина "Спутник V" деп аталды, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.

"Спутник-1" әлем бойынша ғарыштық зерттеу белсенділігін арттырды. Ресейлік COVID-19 вирусына қарсы жаңа вакцина да әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер етті. Сондықтан да осындай салыстыру вакцинаға "Спутник V" атауын берді, делінген вакцина атауына қатысты таратылған хабарламада.

Вакцинаны тіркеу 11 тамызда өтті. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, оның қыздарының бірі жаңа вакцинаның әсерін бастан өткерген.

Вакцина қалай жасалды

Коронавирусқа қарсы вакцина Гамалея атындағы орталықта жасалды. 18 маусымда басталған оның клиникалық сынақтары екі айдан аз уақытқа созылды. COVID-19-ге қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырып, сынап көрді. Экспериментке қатысушыларға жүргізілген зерттеу нәтижелері иммунитеттің дамығанын көрсеткен.

Алайда, вакцинаны жасаушылар бұл барлық адамдарға жарай бермейтінін ескертеді. Өйткені, созылмалы аурулары бар адамдарда бұл кері әсерін тигізуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Екпе салдырған Путиннің қызының жағдайы қалай екені айтылды

Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

56
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанын хабарлады
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Батыс COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу жарысында артта қалып келеді