Темір тор

Қылмыскер түрмеден қашу үшін "қызға" айналып кетті видео

2719
(Жаңартылды 13:40 05.08.2019)
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында заңсыз есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топ басшысы түрмеден қашу үшін қыз болып киініп алған. Ол өзіне келетін кішкентай қызының образына енбек болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. The Guardian хабарлауынша, Клаувино да Сильва бетіне силикон маска тағып, жасанды шашпен түрмеден қашпақ болған. Жоспарын жүзеге асыру үшін ол өзінің қызының киімін киіп алыпты.  

​Алайда қылмыскер өте қатты қобалжыған. Мұны полицейлер бірден байқап қалыпты.

Қазір тәртіп сақшылары бұл жоспарға қылмыскердің қызының қандай қатысы болғанын анықтап жатыр. Әкесі қашып кеткен кезде қыз түрмеде қалады деген жоспар болуы мүмкін.

​Клаувино да Сильва Бразилиядағы "Қызыл команда" деп аталатын аса ірі қылмыстық топты басқарған. Бұл топ 2005 жылы Рио-де-Жанейроның аса қауіпті аудандарының 53 процентін бақылауына алды.

2719
Кілт сөздер:
видео, қыз, түрме, қылмыскер
Тақырып бойынша
Қазақстанда 5 мың қауіпті қылмыскер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
Ақтауда полициядан қашқан күдікті жол апатына ұшырады – видео
Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай - видео
Сегіз жасар бала әпкесі мен өзін қылмыскерден құтқарып қалды - видео
Он сегіз жыл іздеуде болған қазақстандық киллер Ресейде ұсталды – видео
Загрузка...