Архивтегі фото

21 жасынан бері дене бітімі өзгермеген 50 жастағы модель бар құпияны ашты

5808
(Жаңартылды 12:56 12.08.2019)
Биыл англиялық әйел "Әлем күлкісі" сұлулық байқауында үшінші орынға ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Йорк қаласының тұрғыны Шани Хаганның ана екеніне көп адам сенбеген, деп жазды The Sun басылымы.

Оның 17 жастағы ұлын әпкесі деп ойлап қалыпты. Бұл жағдай көңіліне қатты тиген.

​"Әлем күлкісі" сұлулық байқауында екінші вице-мисс атағын жеңіп алған 50 жастағы Шани Хаган (Shany Hagan) "жастық шағын" қалай сақтап қалғанын әңгімелеп берді.

Ол ешқашан бетіне ботокс жасатпағанын және ешқандай препарат қабылдамағанын атап өтті.

Шани Хаган осы уақытқа дейін адамдар ана екеніне сенбегенін айтады.

"Қазір бұл жағдай менің көңілімді көтереді. Бірақ осыған дейін уайымдайтынмын. Менің достарым болған жоқ. Себебі, басқа аналар "күйеуін өзіне қаратып алады" деп ойлап, менен алыс жүретін", - деп ағынан жарылды 50 жастағы әйел.

Сонымен қатар ол бұрынғы күйеуінен не үшін ажырасқанын амәлім етті. Оның айтуынша, ер адамдардың көзіне жиі түсетін болған.

"Менің дене бітімім 21 жастан бері өзгерген жоқ. Сондықтан адамдар мені осы жаста деп ойлайды", - дейді Хаган.

Тағы оқыңыз: "Барби" атанған шымкенттік қыздың пәктік туралы пікірі жұртты елең еткізді

50 жастағы әйелдің пікірінше,  көптеген тұрғын оның сұлулығының құпиясын білгісі келеді.

"Оның құпиясы жоқ. Ешқандай еркекпен кездесіп жүрген жоқпын. Сондықтан ештеңеге уайымдамаймын. Бетімде әжім жоқ, әрі қартаюдың белгілері де байқалмайды", - дейді модель.

Сонымен қатар Шани Хаган әжімнің болмауын бал маскасымен байланыстырады. Ол ұйықтар алдында бетіне осы масканы жағады екен.

50 жастағы әйел көп жеміс-жидек, көкөніс жеп, су ішеді, әрі жақсы ұйықтайды.

5808
Кілт сөздер:
дене тәрбиесі, модель
Тақырып бойынша
Жапон халқы неге семіздікке шалдықпайды?
"Пышақ ала жүгірді" Астаналық депутат-модель қалай соққыға жығылғанын айтып берді
Әлемдегі ең жас миллиардер әйел сымбатты мүсінінің сырымен бөлісті
Атышулы модель Динагүл Тасова жұртты тағы да киімімен таңғалдырды - фото
Көз тоймайтын мінсіз мүсінді сұлулар байқауы - фото
Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесіндегі Ресей азаматтары

Ресейде Конституцияға енгізілген түзетулерді сайлаушылардың 78%-і қолдады

31
(Жаңартылды 10:32 02.07.2020)
Бұл Ресейдегі орталық сайлау комиссиясының хаттамалардың 99 процентін өңдегеннен кейінгі ресми мәліметі

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Сайлаушылардың 78,03 проценті Ресей Конституциясына өзгертулер енгізуді қолдап, ал 21,16% қарсы дауыс берді, деп хабарлайды РИА Новости орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша хаттамалардың 99,01%-тен астамы өңделген.

Дауыс беруге келгендер шамамен 65%-ті құрады.

Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарында сайлау учаскелері жұмыс істеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс беру санитарлық нормаларға сай өтті. Ал азаматтар қашықтықты сақтауы үшін кабиналар бір-бірінен алшақ орнатылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото

Айта кетейік, 1 шілде Ресей Конституциясына өзгертулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталды.

31
Кілт сөздер:
дауыс беру, Ресей
Тақырып бойынша
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Путин ресейліктерге үндеу жасады - видео
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
Байқоңырда Ресейдің Конституциясына өзгертулерге қалай дауыс беріп жатыр
Путин Конституцияға түзету енгізуге дауыс берудің датасы туралы жарлыққа қол қойды
Қазақстан азаматының төлқұжаты

Ресейдегі қазақстандықтар 15 қыркүйекке дейін тіркеуден босатылды

70
Ресейде тіркеу мерзімі аяқталып жатқан Қазақстан азаматтарына 15 қыркүйекке дейін айыппұл салынбайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне байланысты шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы жарлыққа қол қойды. 

"15 наурыз-15 қыркүйек аралығында тіркеу мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтарына айыппұл салынбайды, депортацияланбайды", - деп жазылған елшіліктің сайтында.

15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін қазақстандықтар тіркеуден өтетін болады.

Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болады.

70
Нұрлы жол вокзалында жолаушылардың құжатын тексеру

Қазақстанда карантиннің күшеюіне байланысты қандай пойыздар тоқтайды

0
Республикада екі аптаға енгізілген шектеу шараларына байланысты бірнеше пойыздың қатынау жиілігі қысқарған

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда карантиннің күшеюіне байланысты жолаушыларды пойызбен тасымалдауға қатысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 2 шілдесінде, елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, мемлекеттік комиссия темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Осыған байланысты 5 шілдеден бастап №321/322 "Алматы – Сарыағаш" жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда екі апталық карантиннің талаптары бекітілді

Сонымен қатар, бірнеше жолаушылар пойызының жүру жиілігі қысқарады.

Атап айтсақ, №3/4 "Алматы-Нұр-Сұлтан", № 31/32" Алматы-Павлодар" және  № 67/68" Нұр-Сұлтан-Өскемен " пойыздары бұрынғыдай күн сайын емес, күнара қатынайды.

Ал №257/258 "Нұр-Сұлтан-Достық" пойызы аптасына екі рет емес, тек бір рет жүреді.

Бұған дейін 1 шілдеден елордадан шығатын үш пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.

  • №19/20 "Нұр-Сұлтан-Атырау";
  • №95/96 " Нұр-Сұлтан-Орал";
  • №701/702 "Нұр-Сұлтан-Алматы".

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, бірінші маусымнан жолаушылар пойыздарының қозғалысы кезең-кезеңмен жандана бастады. Бүгінде 93 пойыз қатынайды.  

Қазақстанда 5 шілдеден жаңа карантин басталады.

Ел ішінде әуе және теміржол қатынасы сақталады, бірақ бірқатар шектеу көзделген. Өңірлер арасында қалааралық автобустар уақытша тоқтатылады.

Бұдан бөлек, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі.

Карантин әзірге екі аптаға енгізіліп отыр, одан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

0
Кілт сөздер:
пойыздар, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Қазақстанда карантин қандай жағдайда қатаңдатылады
Қазақстанда жаңа карантин жарияланды: 42 500 теңге төлене ме?
Вице-премьер тығылып той өткізетіндер туралы айтты