Қаңғыбас

Адам сенгісіз оқиға: Қаңғыбас жігіт өз еңбегімен миллионер болды

28200
(Жаңартылды 12:20 13.08.2019)
Жас бизнесмен 4 жыл бұрын ғана көпірдің астында түнеп, тамағын әрең тауып жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Үйсіз-күйсіз жүріп, байып кеткен австралиялық жігіт жетістікке қалай жеткенін әңгімелеп берді, деп жазды Daily Mirror.

Гарри Сандерс (Harry Sanders) 17 жасында баспанасыз қалады. Оның айтуынша, ең қиыны алғашқы түн болған, өйткені ол қайда барып, не істеу керектігін білмеді. Сандерс бастапқыда көпірдің астында ұйықтағанын еске алды. 

​​"Бұл қауіпті еді, өйткені аумақ үйсіздердің арасында бөлініп қойған. Мен бұл туралы ештеңе білмедім және алғашқыда шытырман жағдайға жиі тап болдым", - дейді ол.

Жас жігіт бір жылдан астам уақытын далада өткізді. Ол ешқашан аш қалмағанын айтады.

"Әртүрлі мекемелерге барып, сатылмаған тауарлар қалды ма деп сұрайтынмын, көбісі маған қуана-қуана тамақ беретін", - деп еске алды ол.

Жас жігіт іздеу жүйесін оңтайландыру арқылы ақша таба бастады – ол мұны баспанасынан айырылмай тұрып үйренген екен. Фриланс (қашықтықтан жұмыс істеу – Sputnik) Сандерстің аяққа тұруына көмектесті. Қазір 21 жастағы кәсіпкердің бизнесі 1,5 миллион Австралия долларына (387,2 миллион теңге) бағаланып отыр. Шілдеде Сандерс Лондонда өз компаниясының кеңсесін ашты. 

"Мен өз жетістігіме үйсіз-күйсіз жүруімнің арқасында жеттім", - деп санайды Сандерс.

Ол даладағы өмір оны есеюге мәжбүрлеп, қиындықтарға төзуге және қиын кездерде амал етуге үйреткеніне сенімді. Сонымен қатар, ол мақсатқа анағұрлым нық қадам басқан, өйткені ол сәтсіздікке ұрынуға болмайтынын түсінді.

28200
Загрузка...