Ер адам тапанша ұстап тұр, архивтегі фото

Полицейлер пышақ ала жүгірген жасөспірімдерді атып тастады видео  

4763
(Жаңартылды 11:41 16.08.2019)
Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Израильде полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеобақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады НТВ.

Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген.

"Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды. Полиция оқ атып, екі террористке тойтарыс берді", - деп хабарлады Израиль полициясының ресми өкілі Мики Розенфельд.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеокадрды жергілікті баспасөз таратты.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

4763
Кілт сөздер:
видео, полиция, жасөспірімдер
Тақырып бойынша
Ұйықтаған күйі біреудің үйіне кіріп кеткен ер адам қайғылы жағдайға ұшырады
Лас-Вегаста қарт адам фестивалге келушілерді атып тастады
Полицейлер қарулы қылмыскерді тұтқынмен бірге атып тастады (видео)
Алматы облысында полиция көшедегі адамдарға шабуылдаған сиырды атып тастады
Загрузка...