Әлем

Мейрамханаға келуші даяшыны өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

© Photo : РixabayРесторан, архивное фото
Ресторан, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шыдамсыз ер адам өзінің тапсырысын ұзақ күтуден шаршаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. Францияда мейрамханаға келуші тапсырысын ұзақ күткеніне көңілі толмай, даяшыны атып өлтірді, деп хабарлайды France Info.

БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай 16 тамыз күні Париж жанындағы Нуази-ле-Гран коммунасында болған. Куәгерлер сэндвичінің дер кезінде дайын болмағанына ашуланған ер адам даяшыны атып өлтіргенін айтады.

Тағы оқыңыз: 25 жыл жатқан: мейрамхананың астынан адамның мәйіті табылды

Оқ 28 жастағы даяшының иығына тиген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қылмыскер ізін суытқан. Полиция іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0