Үйлену тойы, архивтегі сурет

"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото

24312
Атақты Голливуд актері екі қызының анасымен некелесті

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Голливуд актері Дуэйн Джонсон (Dwayne "The Rock" Johnson) әнші Лорен Хашьянмен (Lauren Hashian) отау құрғанын мәлімдеп, үйлену тойының суреттерін жариялады. Бұл туралы Independent басылымы хабарлайды.

Дүйсенбі күні америкалық актер Instagram парақшасында Гавай аралында өткен үйлену тойының фотосын жариялапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от therock (@therock)

Суретте жас жұбайлардың бақыттан жүздері бал-бұл жанып тұр.

Джонсон некелесу рәсіміне ақ шалбар мен ақ жейде киіп, мойнына дәстүрлі гавай алқасын тақса, әнші Лорен Хашьян көздің жауын алатын гүлдермен безендірілген қалыңдық көйлегін киіпті.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақ режиссері үйленді - фото

Жұлдызды жұп 2006 жылы фильм түсірілімі кезінде танысып, содан бері көңіл қосқан. Дуэйн Джонсон мен Лорен Хашьянның екі қызы бар: үш жасар Жасмин мен бір жасар Тиана.

24312
Кілт сөздер:
фото, үйлену тойы, әнші, актер
Тақырып бойынша
Тимур Бекмамбетов өзінен 29 жас кіші қызға үйленді
Жеңілмеген қазақ боксшысы KeshYou тобының бұрынғы әншісі Ақботаға үйленді – видео
Танымал әнші тойда төбесінен ақша жаудырып, қонақтарды таңғалдырды – видео
Таиланд патшасы өзінен 26 жас кіші генералға үйленді
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

23
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

23
Зертхана қызметкері

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ресми атауы жарияланды

68
Жаңа вакцина әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер еткендіктен, оған "Спутник V" атауы берілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. 1957 жылы алғаш ұшырылған жасанды Жер серігіне ұқсастығына байланысты коронавирусқа қарсы тіркелген әлемдегі алғашқы вакцина "Спутник V" деп аталды, деп хабарлайды РИА Новости/Прайм.

"Спутник-1" әлем бойынша ғарыштық зерттеу белсенділігін арттырды. Ресейлік COVID-19 вирусына қарсы жаңа вакцина да әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер етті. Сондықтан да осындай салыстыру вакцинаға "Спутник V" атауын берді, делінген вакцина атауына қатысты таратылған хабарламада.

Вакцинаны тіркеу 11 тамызда өтті. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, оның қыздарының бірі жаңа вакцинаның әсерін бастан өткерген.

Вакцина қалай жасалды

Коронавирусқа қарсы вакцина Гамалея атындағы орталықта жасалды. 18 маусымда басталған оның клиникалық сынақтары екі айдан аз уақытқа созылды. COVID-19-ге қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырып, сынап көрді. Экспериментке қатысушыларға жүргізілген зерттеу нәтижелері иммунитеттің дамығанын көрсеткен.

Алайда, вакцинаны жасаушылар бұл барлық адамдарға жарай бермейтінін ескертеді. Өйткені, созылмалы аурулары бар адамдарда бұл кері әсерін тигізуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Екпе салдырған Путиннің қызының жағдайы қалай екені айтылды

Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

68
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанын хабарлады
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Батыс COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу жарысында артта қалып келеді
Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздік: Сапарбаев оқиғаға не себеп болғанын айтты

0
Кеше, 11 тамызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданының Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге тамыздың 10-нан 11-не қараған түні  бірнеше үйінің және кітапхана ғимаратының терезелерін сындырған бір топ жастардың бұзақылық әрекеті себеп болды. Олардың барлығы ұсталынып, Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Дабыл түсе салысымен бірден оқиға орнына полицейлер, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары аттанған. Жағдай жедел бақылауға алынып, барлық бұзақылар қолға түскен. 

"Біздің қоғамда ешкім алауыздық туғыза алмайды, және бір топ жастардың бұзақылық әрекеттерінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ", - дейді ауыл ақсақалы Махмуд Теміров.

Бердібек Сапарбаев жастар, әсіресе бұзақылыққа қатысты жастардың ата-аналары арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Айта кету керек, олардың бірқатары кездесуге арнайы қатысты. Олардың атынан ұсталған жігіттердің бірінің атасы Аманжол Ділдабеков сөз алып, болған оқиға туралы естігенде «жағасын ұстағанын» жасырмады.

"Мен Қасқабұлақ ауылының тұрғындарынан балаларымызды бақылай алмағанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын", - деді ол.

Бердібек Сапарбаев мұндай жағдай неліктен болғанын айтты.

"Мұның бәрі істерге ісі жоқтықтан туындайды. Егер он екі мүшесі сау болса, онда ол ата-анасына масыл болмай, еңбек етуі керек. Ата-аналар өздері балаларының бос уақытын қалай өткізіп жүргендігінен хабарсыз. Біздің жалғыз Отанымыз бар, ол - Қазақстан. Біз өзіміздегі ең құнды дүние – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалай білуіміз керек", - деді әкім.

Қасқабұлақтағы жағдай

Кеше, 11 тамызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.  

"Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді.

"Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді.

 

0