Свадебные кольца, архивное фото

Үйлену тойындағы оқыс оқиғадан кейін жігіт қалыңдығын ұмытып қалды

5149
Ер адам бір ай бойы ауруханада жатты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз  — Sputnik. Шотландияда ер адам үйлену тойынан кейін комаға түсті, деп хабарлайды Scottish Daily Record.

Уэст-Лотиан облысының тұрғыны Крис Мэллон қонақүй қызметкеріне тойға әкелген сыйлықтарды бөлмеге апаруға көмектеспек болған. Сол кезде баспалдаққа сүрініп, 3,7 метр биіктіктен құлады.

Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келді. Дәрігерлер науқастың жағдайын жол-көлік апатынан аман қалған адаммен салыстырды.

Мэллон он күн бойы жансақтау бөлмесінде жатты. Есін жиған кезде, біраз нәрсені ұмытып қалғаны белгілі болды.

"Мен оның есін жиғанын көрдім. Бірақ ол қатты ұялды. Өйткені біздің үйленгенімізді де ұмытып қалған еді", — деді әйелі Аврил.

Сондықтан әйелі тойда ойнаған әнді айтқан. Сол кезде жігіт бәрін есіне түсіре бастаған.

Тағы оқыңыз: Қалыңдық гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео

Жігіт бірнеше апта бойы дәрігерлер бақылауында болды. Мамандар оның қалпына келуіне кем дегенде жарты жыл кетеді деген болжам жасаған болатын. Алайда жігіт небәрі бір ай ішінде үйіне оралды.

Оның сол құлағы естімей қалған әрі иіс пен тағамның дәмін сезбейді.

5149
Кілт сөздер:
оқыс оқиға, қалыңдық, жігіт, үйлену тойы
Тақырып бойынша
"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото
Танымал қазақ режиссері үйленді – фото
"Не деген көргенсіздік!": Белгілі этнодизайнер бүгінгі тойдың кемшілігін атады
Жеңілмеген қазақ боксшысы KeshYou тобының бұрынғы әншісі Ақботаға үйленді – видео
Күйеуге шығып жатқан анасына 7 жасар ұлының айтқан сөзі жұрттың жүрегін елжіретті
Загрузка...