қан талдауы

Қашан өлетініңді 10 жыл бұрын білуге болады - ғалымдардың зерттеуі

9356
Ғалымдардың зерттеуі жаңа қан талдауының 83 процентке нақты екенін көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Неміс дәрігерлері адамның қашан өлетінін оның қан анализіне қарап анықтай алады, деп хабарлайды Dailymail Макс Планк атындағы биологиялық қартаю инстиутының академиктеріне сілтеме жасап.

Ғалымдар 18-109 жас аралығындағы 44 мың адамға зерттеу жүргізіп, өлім қаупін көрсететін 14 қан биомаркерін анықтаған.

"Зерттеу жұмысы 2 жылдан 16 жылға дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында экспериментке қатысқан 5 512 адам қайтыс болды. Ғалымдар олардың қан сынамасынан метаболиттік биомаркерлерді іздеді. Бұл көрсеткіштер тірі жүрген адамдардан жоғары болды. 14 биомаркер әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдерден табылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл биомаркерлер иммуниттің, глюкозаның, қабынулар және тағы басқаның көрсеткіші болып отыр. Анализ жиынтығының қорытындысы алдағы 10 жылда адам өлетінін немесе өлмейтінін анықтауға көмектеседі. Зерттеу жұмысының нақтылығы – 83%.

Ғалымдар зерттеу қорытындысы науқасты емдеген кезде ескеріледі деген үмітте. Әзірше, дәрігерлер артериялық қан қысымы мен холестерин деңгейіне қарап адамның тек алдағы бір жылда өліп кету қаупін анықтай алады. Одан көп уақытқа болжам жасау ғалымдар үшін қиын мәселе болып отыр.

Тағы оқыңыз: Ерте өлу тәуекелін төмендететін азық-түлік анықталды

9356
Тақырып бойынша
Әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік анықталды
Ғалымдар жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкеп соғатын 8 белгіні атады
Ғалымдар жас көріну үшін не жеу керек екенін айтты
Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады
У ішкенмен бірдей: ғалымдар ерте өлімге әкеп соғатын азық-түлікті атады
Ғалымдар ер адамның күш-қуатын арттыратын азық-түлікті атады
Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді
Загрузка...