Әлем

Көкте ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалды – жантүршігерлік апаттың видеосы

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҰшақ, архивтегі сурет
Ұшақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе апатынан жеті адам қаза болды, жолаушылардың арасында екі бала да болған

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Испанияның Майорка аралында тікұшақ пен шағын ұшақ соқтығысты.

"Инка көгінде (Майорка аралындағы муниципалитет) тікұшақ пен аса жеңіл ұшақ соқтығысты. Жеті адам мерт болды", - делінген Балеар аралдары үкіметінің твиттердегі хабарламасында.

Болжам бойынша, тікұшақ бортында ерлі-зайыпты екі баласымен отырған. Ал ұшақ ішінде тек бір жолаушы болыпты.

Испания үкіметі төрағасының міндетін атқарушы Педро Санчес қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Майорка аралы – Жерорта теңізіндегі танымал демалыс орындарының бірі. Арал теңіз курорттары, әсем табиғаты және көне архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Туристер аралға демалуға барған кезде, шағын әуе кемелерін жиі пайдаланады.

Жаңалықтар
0