Үйлену тойы, архивтегі сурет

Ешкім күтпеген: жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды фото

58103
Күйеу жігіт пен қалыңдық мектеп кезінен бері кездесіп жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Техаста жас жұбайлар некелескеннен кейін бірнеше минуттан соң, жол апатынан көз жұмды.

Жас жұбайлар неке сарайынан шыққаннан кейін көп ұзамай жол апатына ұшыраған. Олардың автокөлігі жолда пикаппен соқтығысты. Жеңіл көлік бірнеше рет аударылып, жыраға құлаған. Екі жас оқиға орнында қаза болды, пикап жүргізушісі аман, деп хабарлайды kfdm.com.

19 жастағы күйеу жігіт пен 20 жастағы қалыңдық мектеп кезінен бері кездесіп жүрген. Қос ғашық желтоқсан айында үйлену тойын дүркіретіп атап өтуді армандапты.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті

"Бар қалауы – үйленіп, жаңа өмір бастау еді. Жоспарлары өте көп болатын", - дейді күйеу жігіттің анасы.

Қайғыдан қан жұтқан әйел сол күні ұлының өліміне куә болғанын айтты.

Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

58103
Кілт сөздер:
жас жұбайлар, жол апаты, үйлену тойы
Загрузка...