Бейжің әуежайы, архивтегі сурет

Әуежайда ұшақ өртенді куәгерлер видеосы

1147
(Жаңартылды 11:33 28.08.2019)
Өрт салдарынан лайнердің фюзелюжі зақымданған, зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Бейжіңнің халықаралық әуежайында Қытайдың Air China әуе компаниясының ұшағы өртенді, деп хабарлайды Independent.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде әуежайдағы оқиғаның суреттерімен бөлісіп жатыр. Кадрдан қытайлық әуе компаниясының Airbus 330 ұшағынан шыққан түтінді көрінеді.

Басылымның хабарлауынша, оқиға жолаушыларды CA183 рейсіне отырғызу кезінде болған. Ол Бейжіңнен Токиоға ұшуы тиіс болатын.

Ұшақ әуежайдың трапына түйісіп тұрған кезде салонда түтін шыққан. Әуе кемесінің командирі бірден қозғалтқышты сөндіріп, экипаж жолаушыларды жедел эвакуациялады. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Тағы оқыңыз: "Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

Airbus 330-дың жүк салатын бөлігінен шыққан өрттен ұшақтың фюзеляжі зақымданған.

Басылымның ақпаратына сәйкес, әуе компаниясының әкімшілігі тексеру жұмысы басталғанын хабарлады.

1147
Кілт сөздер:
видео, өрт, ұшақ, әуежай
Тақырып бойынша
Мәскеудегі трагедия: жолаушылар жанкешті ананың баласын қалай құтқарғанын айтты
"Анашым, біз жанып жатырмыз": бес қызынан айырылған ата-ананың қасіретке толы әңгімесі
Отқа оранған ұшақ Мәскеу әуежайына қонған сәтінің видеосы жарияланды
Атырауда театр отқа оранды – видео
Түркістан облысында әскери бөлім маңынан өрт шықты
Загрузка...