Жүзік, архивтегі сурет

Сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт жұртқа масқара болды

10689
(Жаңартылды 10:25 29.08.2019)
Жігіт сегіз жыл бойы көңілі жарасқан қызға ұсыныс жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. АҚШ-та жігіт сегіз жылдан соң сүйіктісіне ұсыныс жасап, жұртқа масқара болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жігіт жүзікке біраз уақыт бойы ақша жинаған. Шағын ғана гауһартасы бар алтын сақина таңдапты.

"Мен дүниеқұмар емеспін. Бірақ жүзік өте кішкентай, өзі жиіркенішті көрінеді деп ойлаймын", - деп жазады қыз.

Reddit cайтының қолданушылары қыздың бұл пікірін қолдады. Егер маған мұндай жүзік сыйласа, ұсыныстан бас тартар едім деп жазды қыздардың бірі. Мұндай маңызды сыйлықты жауапкершілікпен таңдамаған жігіт өмірде де жауапсыз болады дейді олар.

Тағы оқыңыз: Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды

Сондай-ақ, қыздар жүзіктің бағасына емес, түріне көңілі толмағанын айтады.

Ал жігіттер болса, қыздар үшін отбасын құрып, бақытты болудан гөрі қымбат сыйлық алу маңызды деген қорытынды жасаған.

10689
Кілт сөздер:
жігіт, фото, ұсыныс
Армениядағы медициналық мекеме алдында тұрған жедел жәрдем көліктері

Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді

120
(Жаңартылды 10:46 28.09.2020)
Армениядағы медициналық мекемелерде реанимациялық шаралар ғана жүргізіліп, тек шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылдануда

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Тараптар шығындарды есептей бастады.

Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 22 танк пен бронды машиналардан, 15 "Оса" әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Армениядағы медициналық мекемелерде науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Армения республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің дерегінше, ауруханаларда реанимациялық шаралар немесе шұғыл көмекке мұқтаж науқастарды ғана қабылдау жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.

120
Кілт сөздер:
Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
"Біз үшін соңғы соғыс болуы мүмкін": Назарбаев қорқынышты болжам жасады
Ауғанстандағы шиеленіс: талибтерге қарсы соғыс жарияланды
"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

2972
(Жаңартылды 15:33 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

2972
Кілт сөздер:
қақтығыс
бауырластар зираты

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады брифинг

0
Сарбаз Киевті қорғау кезіндегі шайқаста хабарсыз кеткен. Іздеу тобы оның сүйегін 2020 жылдың наурыз айында Украинадан тапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек  —  Sputnik. 28 қыркүйекте сағат 10.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін елге жеткізуге қатысты онлайн-брифинг өтеді.

Қайыржан Тікшекеев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кетті деп саналған. 2020 жылдың наурыз айында оның сүйегін "Вертикаль" іздеу отряды Украина аумағынан тапқан. Жақын арада сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, туыстарына тапсырылады.

Спикерлер:

  • Мұрат Молдағалиев - "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы;
  • Марат Тікшекеев - қаза болған жауынгер Тікшекеев Қайыржанның немересі.

Онлайн брифинг Sputnik Қазақстан сайтында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

БАҚ өкілдерін онлайн-брифингті көруге шақырамыз, спикерлерге қойылатын сауалдарды +7 (747) 2207401 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

0