Ит, архивтегі сурет

Қаңғыбас ит тамақ сұрау үшін ешкім ойламаған қулыққа барды - видео

1049
Айлакер ит осы қылығымен желі жұлдызы атанды

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Бангкок көшелеріндегі қаңғыбас ит адамдардың назарын аударып, тамақ сұрау үшін жараланған кейіп танытады, деп жазады РИА Новости.

Гае деген лақап атты қаңғыбас ит жаяу жүргіншілерді немесе жолай өтіп бара жатқан көлікті көрсе, арты аяғын сүйретіп, ақсаңдай бастайды екен. Ал адамдар жақындаса, орнынан тұрып, оларды айнала бастайды.

Жергілікті тұрғын Тавипорн Чонгплаполкулсэдтің айтуынша, ит жұмысының қасында баяғыдан бері жүреді, осы қулығын үнемі жасайтын көрінеді.

"Күріш берсем де, осы айласын тастамайды. Адамдардан тамақ сұрау үшін сөйтетін шығар деп ойлаймын", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды - видео

Әйел қаңғыбас иттерге үнемі қамқор болып жүреді екен. Бір күні Гаенің аяғын тексеріп, оның дін аман екеніне көз жеткізіпті.

"Ақсаңдаған" иттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жұртшылық оның айлакерлігіне аң-таң.

"Бұрынғы өмірінде бұл ит адам болған шығар", - деп жазады LindaVasconcell.

1049
Кілт сөздер:
видео, ит
Тақырып бойынша
Қорқау ит арыстанның азуынан құтылу үшін өлген кейіп танытты - видео
Шомылғысы келмеген ит қулыққа барды – күлкілі видео  
Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  
Аяғы шығып жатқан: Ит тірідей көмілген нәрестені құтқарып қалды
Загрузка...