Ер адам басын ұстап отыр

Ер адам әйелі дүкенге кеткенде жантүршігерлік қылмыс жасады

28621
Қазір күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Саратов қаласында 38 жастағы ер адам екі айлық қызын пышақтап өлтірді.

Жантүршігерлік оқиға 31 тамыз күндіз болған.

26 жастағы келіншек екі жасар ұлы мен екі айлық қызын әкесімен қалдырып, өзі дүкенге кеткен. Ер адам әйелінің жоқтығын пайдаланып, қылмыс жасайды. Ол қызын үйдің шатырына апарып, мойнына пышақ сұғып алған. Сәби оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыз: "Тірідей көміп тастады": Алматыда екі таксисті не үшін қинап өлтірді?

Белгілі болғандай, сәби туа біткен патологиямен дүниеге келген.

Бұл фактіге қатысты Саратовта қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, деп хабарлады РФ ТК өңірлік басқармасының сайты.

28621
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, сәби, әке, қылмыс
Загрузка...