Әуежайдағы ер адам, архивтегі сурет

Билет алып, ұшаққа отырмаған жігіт сотталуы мүмкін

5135
Транзиттік аймаққа кірген жолаушы бортқа отырмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Сингапурде 27 жастағы жолаушы ұшаққа билет алып, транзиттік аймақта қалған. Енді ол екі жылға сотталуы мүмкін немесе 13 мың еуро айыппұл төлейді, деп хабарлайды The Sun.

Жолаушы билет алып, транзиттік аймақтағы әйелімен қоштаспақ болған. Алайда Сингапур полициясы қамауға алды. Жергілікті заң бойынша транзиттік аймаққа кірген жолаушы міндетті түрде ұшаққа отыруы тиіс.

Жігіт қамауға алынған соң полиция Facebook-те жазба жариялап, Чанги әуежайының транзиттік аймағы күзетілетін тағы да еске салды.

"Егер жолаушы транзиттік аймаққа кіріп, бортқа отыруды жоспарламаса, инфрақұрылымды қорғау жөніндегі заңға сәйкес жауапқа тартылады", - делінген жазбада.

Бұл ережені бұзған жігіт екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 13 мың еуро (5,5 млн теңгеден астам) көлеміндегі айыппұл төлейді.

Полиция мұндай бұзушылықтар үшін 2019 жылдың қаңтар айынан бері 33 жолаушы жауапқа тартылғанын атап өтті.

5135
Кілт сөздер:
сот, жігіт, ұшақ, билет
Тақырып бойынша
"Жағамызды ұстадық" Қазақстандық стюардессаның ашық әңгімесі
"Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео
Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео
Ұшақ кешіксе, не істеу керек: жолаушының құқығы мен әуе компаниясының міндеті
Әуежайда ұшақ өртенді – куәгерлер видеосы
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

509
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

509
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина
Армениядағы медициналық мекеме алдында тұрған жедел жәрдем көліктері

Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді

145
(Жаңартылды 10:46 28.09.2020)
Армениядағы медициналық мекемелерде реанимациялық шаралар ғана жүргізіліп, тек шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылдануда

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Тараптар шығындарды есептей бастады.

Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 22 танк пен бронды машиналардан, 15 "Оса" әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Армениядағы медициналық мекемелерде науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Армения республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің дерегінше, ауруханаларда реанимациялық шаралар немесе шұғыл көмекке мұқтаж науқастарды ғана қабылдау жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.

145
Кілт сөздер:
Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
"Біз үшін соңғы соғыс болуы мүмкін": Назарбаев қорқынышты болжам жасады
Ауғанстандағы шиеленіс: талибтерге қарсы соғыс жарияланды
"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат
Жолаушылар пойызы

Қазақстанда жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

0
(Жаңартылды 11:58 28.09.2020)
Қазақстандықтар жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты ақпарат алу үшін "105" нөміріне хабарласа алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайтынын хабарлады.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  •  №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды билетті онлайн, соның ішінде ресми Bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алуға шақырды. Сондай-ақ, вокзал аумағында және пойыздың ішінде санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды және бетперде киюді сұрады.

0
Кілт сөздер:
пойыздар, жолаушылар