Бойжеткен, архивтегі сурет

Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты видео

3637
1999  жылы пойызда жоғалған қыз табылды. Ата-анасы мен қызға жасалған ДНҚ сараптамасы олардың туыс екенін растады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Осыдан 20 жыл бұрын "Минск – Осиповичи" пойызында жоғалған қыз табылды, деп хабарлады Беларусь елінің ішкі істер министрлігі.

1999 жылы пойызда төрт жасар қыз жоғалып кеткен. Ата-анасы станцияларды аралап, қызды іздеген. Суретін көшедегі сатушылар мен жолаушыларға көрсетсе де, таба алмапты. Кейін милицияға арыз берген, деп жазады Sputnik Беларусь.

Құқық қорғау органдары істі жылдар бойы жаппаған. Алайда бала табылған жоқ. Қайғыға душар болған ата-ана теміржол станциясынан алысқа көшіп кетеді.

2019 жылдың тамыз айында аудандық милицияның кезекші бөліміне ресейлік нөмірден қоңырау түсті.

Жігіт желіде жоғалған бала туралы хикаяны оқып, суреттегі қыздің өзінің танысы екенін түсінеді. Бойжеткен кішкентай кезінде пойызда жоғалғанын айтқан көрінеді. Тіпті маңдайындағы тыртық та сәйкес келген.

Тағы оқыңыз: Шымкентте көпбалалы ата-ана ұйқыдан оянып, 5 жасар ұлының жоғалғанын білген

Ақыры соңында ДНҚ сараптамасы жасалып, қыз бен ата-анасының туыстығы 99,999%-ке расталды.

"Үмітімізді үзген жоқпыз. Жиырма жыл бойы осы кездесуді күттік", - дейді қыздың анасы.

Жиырма жыл бұрын жоғалған Юля есімді қыз, сөйтіп, ата-анасымен қауышты.

3637
Кілт сөздер:
видео, ата-ана, қыз
Тақырып бойынша
Ақтауда ата-ана қызының өліміне мектеп мұғалімін кінәлап отыр
Алматыдағы егіздер өлімі: әйел ата-ана құқығынан айырмауды сұрайды
Астанада із-түзсіз жоғалып кеткен ата-ана табылды
Ата-ана ұлын өлтірген кикбоксшыдан 5 миллион теңге талап етті
Жемістен басқа тамақ бермейді: қатал келіншекті ата-ана құқығынан айыру ұсынылды
Загрузка...