Донер

Турист әйел шаурмаға миллион теңге төлеген

962
Дәмхананың бұрынғы қызметкері мұндай жағдай туристерді алдау тәсілінің бір бөлігі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Израильде дәмхана қызметкерлері туристің банк картасынан шаурма үшін 10,1 мың шекель (шамамен 1,1 миллион теңге) шешіп алған, деп хабарлады Times of Israel.

Біраз уақыттан кейін әйел тамақтану орнына қайтып келіп, ақшаны қайтаруды талап еткен. Оның айтуынша, израильдік БАҚ-тар оқиға жайлы жазғаннан кейін қаражат оның шотына қайтарылған.

Тағы оқыңыз: Алматыда такси жүргізуші шетелден келген жолаушыдан 23 мың теңге алған 

Шаурма сататын дүңгіршектің иелері қателік кетті деп ақталды. Алайда бұрынғы қызметкер жергілікті БАҚ-қа бейқам туристерді алдаудың мұндай тәсілі бұрыннан бар екенін айтты.

"Ол жерден жұмыстан кетуімнің бір себебі осы, – дейді аты-жөнін айтқысы келмеген бұрынғы қызметкер. – Олар бағадан алдай бастады, бұл сұмдық. Полиция туристермен бірге үш рет келді".

Оның айтуынша, көшедегі дәмханада мәзір жоқ, сатушылар шаурманың тәрелкесі 80 шекель тұрады деп айтып, ал ақысын еуро немесе доллармен алатын көрінеді. Кейде клиент шоттағы "қатені" байқап қалады, ал кейде банк картасымен төлей салады.

962
Кілт сөздер:
туристер, шаурма
Тақырып бойынша
"Біздің отбасыда тәртіп басқаша" Америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызының әңгімесі
ЭКСПО аясындағы қонақжайлық: полицейлер шетелдікті қонақ үйге жеткізіп салған
Коронавирус, вакцина

Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

58
Вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресейде коронавирустың вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің жағдайы жақсы, деп хабарлады РИА Новости әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді. 18 маусымда екі компонентті вакцинаның біреуі салынған еріктілердің бірінші тобында ешкім денсаулығына шағым жасаған жоқ. Елеулі жағымсыз құбылыстар да тіркелген жоқ.

Ал 23 маусымда вакцинаның бірінші бөлігі егілгенжәне содан 21 күн өткен соң қорытындысына қарай вакцинаның екіншісі компоненті салынатын екінші топтың құрамындағыларда өзін жақсы сезінеді. Асқыну мен жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

58
Мәскеу қаласы

Батыс Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарауға әрекет жасауда - Ресей

34
Бастрыкин Нюрнберг трибуналы барлық әскери қылмыскерді соттамағанын атап өтті. Оның айтуынша, олардың кейбірі жасырын қалған. Сондықтан, кінәлілердің барлығын анықтау керек

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Батыстағы ресми тұлғалар фашизмді жеңуде тек АҚШ пен Британияның үлесін ғана сөз етіп, Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарастыруға әрекет жасап жатыр. Бұл жөнінде РИА Новостиге берген сұхбатында РФ тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді.

"Тарихты мүлде басқаша мәліметтермен сипаттауға тырысып жатқан әрекеттерді байқап отырмыз. Мысалы, Батыс елдерінің ресми тұлғалары Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысында АҚШ пен Ұлыбритания үлесін ғана сөз етуде. Осылайша, олар КСРО-ның фашизмді жеңудегі негізгі рөлін жоққа шығарып, Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарауға тырысып жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, Бастрыкин Нюрнберг трибуналы барлық әскери қылмыскерді соттамағанын атап өтті. Оның айтуынша, олардың кейбірі жасырын қалған. Сондықтан, кінәлілердің барлығын анықтау керек.

"Біздің алдымызда бірнеше міндет тұр. Нюрнбергтегі халықаралық әскери трибунал және соғыстан кейінгі басқа да процесс қорытындысы бойынша барлық қылмыскер сотталмаған, өкінішке қарай, жантүршігерлік түрлі қылмысты жасаған көптеген нацист әділ соттан қашып құтылған", - дейді Бастрыкин.

Ол барлық кінәлі адамды анықтауды жалғастыру қажеттігін айтты.

"Тірі-өлі екеніне қарамастан, біз олардың аты-жөндерін атап, қандай қылмыс жасағанын ашық көрсету керекпіз", - дейді ол.

Қолда бар мұрағат мәліметтеріне сәйкес, РКФСР аумағында оккупация жылдарында 2 миллионнан астам бейбіт тұрғын қасақана өлтірілген. Барлық факті тексерілген жоқ, барлық жауапты адам анықталып, сотқа берілген жоқ. Іздеу жасақтарының қазба жұмыстары және мұрағаттық құпия мәліметтерді жария етудің нәтижсінде Новгород облысы, Краснодар өлкесі, Ростов облысындағы бейбіт халықты жаппай қырумен байланысты қайғылы оқиғалардың беті ашылды. Өткен жылы тергеу комитеті 30 мыңнан астам кеңес үкіметі азаматының көзін жоюға қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғаған болатын.
Тергеу комитетінің басшысы соғыс жылдарында қылмыс жасағандар қай заң бойынша жауап беруі тиіс екенін айтты.

"Ресейлік тергеу амалдары ұлттық заңнама мен халықаралық құқыққа негізделеді", - деді Бастрыкин.

Ол комитет нацизм қылмыстары фактілерін анықтауды жалғастыра беретінін айтты.

"Тергеу комитеті нәсілдік үстемдік, нацизм идеяларына негізделген қылмыстық әрекеттердің фактілерін анықтауды жалғастыра береді және оларға тиісті құқықтық баға, соның ішінде, РФ ҚК 357-бабы бойынша баға беріледі", - деді ол.

34