Ақша, архивтегі сурет

Қазақстан туралы сұраққа жауап берген үнді жігіті миллионер атанды

1295
Ер адам сұраққа жауап беруге қиналып, әйеліне телефон шалған екен

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек — Sputnik. Үндістандағы Индаур қаласының тұрғыны Аасим Чаудари 1 миллион 250 мың рупий (6 миллион 596 мың теңге) ұтып алды.

Ол Kaun Banega Crorepati ("Миллион кімге бұйырады" телебағдарламасының үндістандық нұсқасы) шоуында Қазақстан астанасы атауының өзгергеніне қатысты сұраққа дұрыс жауап беріпті.

Телешоуда үнді жігітіне "2019 жылы қай елдің астанасына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді?" деген сұрақ қойылады. Жауапта Қазақстан, Қырғызстан, Косово және Кения мемлекеттері болған. Ер адам сұраққа жауап беруге қиналып, 50/50 мүмкіндігін пайдаланады. Нәтижесінде жауапта Қырғызстан мен Қазақстан қалыпты.

Фрагмент передачи, в которой был задан вопрос о переименовании Астаны
Үндістандағы "Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасы

Сондада дұрыс жауапты таба алмаған ол соңғы мүмкіндікті пайдаланып көреді. Ер адам телефон арқылы әйеліне хабарласыпты. Жары оған Қазақстанның астанасы Астана болғанын, ал 2019 жылы шаһарға Нұр-Сұлтан атауы берілгенін айтып берді.

Тағы оқыңыз: Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтпек болған ер адам күтпеген олжаға кенелді

Дұрыс жауаптың арқасында жігіт 1 миллион 250 мың рупий (17 мың доллардан астам немесе 6 миллион 596 мың теңгеден астам) қаражатты қанжығасына байлады.

Janta Ka Reporter басылымының хабарлауынша, шоудың іріктеу кезеңіне Аасима Чаударидің бүкіл отбасы қатысыпты.

1 миллион 250 мың рупий (17 мың доллардан астам немесе 6 миллион 596 мың теңгеден астам) ұтып алған Аасима Чаудари 27 жаста. Ол қаладағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстан астанасының атауы бірінші президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгерген болатын. Астана атауын өзгерту туралы жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 23 наурызында қол қойған.

1295
Кілт сөздер:
миллионер, Үндістан, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бағын сынағысы келген жігіт оңбай қателессе де, 340 есе байып кетті
Теміржолшы аяқ астынан байып кетті: 14 жылда оның өмірі қалай өзгерді
Әйел адам мысықтың кесірінен қомақты олжадан құр қала жаздады
Қостанай облысының тұрғыны қомақты ақша ұтып алып, "жоғалып" кетті   
Шекара, архивтегі сурет

ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

1134
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақстандық өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Шекара карантинге байланысты жабық болатын. 

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде Росгвардия қызметкерлері мен еліне орала алмай жүрген мигранттар арасында жанжал болғанын жазды. 

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды", - деп хабарлады "КП-Самара".

Басылым толқу тоқтатылып, палаталық лагерьде тыныштық орнағанын жазған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Біздің өткізу бекеттерімізде жағдай тұрақты", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі. 

Орынбор және Самара облыстарында Қазақстан мен Ресей шекарасында 3 мыңға жуық Қырғызстан және 500-ге жуық Өзбекстан азаматы қалып қойған болатын. Олар Қазақстан арқылы еліне жіберіле бастады.

1134
Кілт сөздер:
мигранттар, түсініктеме, ҰҚК, шекара
Тақырып бойынша
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Бейруттағы жойқын жарылыс

Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды

67
(Жаңартылды 08:26 05.08.2020)
Жарылыс салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келгені айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Бейруттің теңіз портында болған жарылыс кезінде Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарақат алды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломаттардың ақпаратына сәйкес, 4 тамыз күні Бейрут жергілікті уақытымен сағат 18:00 кезінде теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

"Бұл уақытта жұмыс аяқталды. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмады. Жұмыста қалған консул жарылыс болған кезде жарақат алды", - деді ведомство.

Жергілікті биліктің алдын ала болжамы бойынша ішінде пиротехника болған кеме жарылған.

"Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді", - деді сыртқы істер министрлігі.

Ведомство дипломаттар Ливандағы Қазақстан азаматтарыныңжағдайына байланысты ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады. 

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

67
Жедел жәрдем

Қазақстандық вице-министр тұрғынды өлім аузынан алып қалды

24
(Жаңартылды 09:48 05.08.2020)
Әйел есінен танып, құлай жаздады. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жұмыс орнында тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Марат Шоранов
© Photo : пресс-служба премьер-министра
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов

Дүйсенбі, 3 тамыз күні Марат Шоранов денсаулық министрлігіне, жұмысына келген. Осы кезде 1969 жылы туған әйел бесінші кіреберістің баспалдағымен көтеріліп бара жатқан. Ол кенеттен есінен танып, құлай жаздады.

Шоранов әйелді ұстап қалды. Оның көгеріп кетіп, асфиксия болғанын көрген. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізушіге "отвертка" әкелу керек екенін айтқан. Ол қажет болса, трахеостома жасамақ болған.

Әйел есін жиып, тыныс ала бастады. Жедел жәрдем шақыртылып, жалпы хирургия және проктология бқлімшесіне жеткізілді. Ішіктің жабысып бітелуі деген диагноз қойылды. 

Дәрігерлер тұрғынның жағдайы жақсарғанын айтты. 6 тамыз күні ауруханадан шығарылады.

24
Кілт сөздер:
тұрғын, денсаулық, вице-министр
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Денсаулық министрі коронавирустан қайтыс болғандар санын жариялады 
Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді
Денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады