Әлем

Қалыңдық құрбысының тойға киіп келген киімі жұрттың жағасын ұстатты – видео

CC0 / / Свадьба, иллюстративное фото
Свадьба, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз құрбысының үйлену тойына ешкім күтпеген костюм таңдапты

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. АҚШ тұрғыны құрбысының үйлену тойына динозаврдың костюмін киіп келіп, қонақтардың жағасын ұстатты.

Осы сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған. Кадрларда некелесу салтанаты кезінде үйден "тираннозавр" шықты. Біртүрлі кейіпкер қолына гүл ұстап алып, күйеу жігіттің досымен қолтықтасып келеді.

Кейінірек белгілі болғандай, қыз үйлену тойының алдында қатты жүдеп, алдын ала әзірлеп қойған көйлегі үлкейіп қалған екен. Құрбысына басқа көйлек алуға ақшасы жоқ екенін жеткізген ол ең арзан киімді іздеп табады – динозаврдың костюмі.

Тағы оқыңыз: Қалыңдықтың гүлін қағып алған қыздың жігіті жұрттың ішек-сілесін қатырды - видео

Алайда үйлену тойына келген қонақтар қыздың бұл қылығын сынға алды. Кейбіреулері жағасын ұстап, мұнысы жас жұбайларды сыйламағандық деді. Дегенмен көпшілік сыр білдірмеуге тырысқан. Ал видеоға жазылған пікірлерге қарасақ, желі қолданушылары әбден күліп, әзіл-қалжыңға толы жазбалар қалдырып, смайликтерді үйіп-төгіпті.

Көп ұзамай қалыңдықтың құрбысы костюмін шешті, сөйтсе тойға әп-әдемі көйлек киіп келген екен.

Жаңалықтар
0