Әйел адам, архивтегі сурет

Комада жатқан әйел нәрестелі болды

68
Әйел адам жүкті кезінде ауыр дертке шалдығып, бірақ сәбиіне зияны тимес үшін емделуден бас тартқан

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Ұлыбританиядағы Брисбен қаласында аяғы ауыр әйелдің басына қан құйылып, комаға түскен. Бірақ дәрігерлер 25 жастағы Кейтлин Стаббстың (Caitlin Stubbs) дені сау нәрестені өмірге әкелуіне көмектесті, деп хабарлайды The Sun басылымы.

Кейтлинге күретамыр-көктамырлық мальформация диагнозы қойылыпты. Медицина қызметкерлері оған сәуле алу терапиясын тағайындаған. Бірақ әйел жүкті болғанын білген соң, емдеу курсынан бас тартқан.

Шілде айында, яғни жүктілігінің 32-ші аптасында Кейтлиннің денсаулығы күрт нашарлап, басы қатты ауырған. Әйел ауруханаға жеткізілген бойда комаға түсіпті.

Тағы оқыңыз: 79 жастағы халық әртісі әке атанды

Дәрігерлер Кейтлин таңға дейін өмір сүре алмайтынын айтып, шұғыл түрде кесар тілігін жасаған. Өмірге дені сау нәресте дүниеге келіпті. Әкесі Джонатон Уэлш (Jonathon Welsh) оған Куинн (Quinn) деген ат қояды.

Джонатон Кейтлинге комаға түсер алдында үйленуге ұсыныс жасапты.

Дәрігерлердің жағымсыз болжамына қарамастан Кейтлин өмірі үшін күресіп жатыр. Туған-туыстары оның денсаулығы қалыпқа келіп, аяғынан тұрып кететініне сенімді.

Тағы оқыңыз: Нәресте анасы емізгеннен кейін шетінеп кетті

68
Кілт сөздер:
нәресте, әйел, кома
Тақырып бойынша
Үшемнің орнына егіз босанды: "жоғалған" нәрестеге байланысты тексеріс аяқталды
Әйел автобуста босанды: қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді
Бір ауруханада істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанды: тағы 16 әйелдің аяғы ауыр
Қазақстанда алғаш рет: Оралда келіншек егіздердің біреуін араға 2 ай салып босанды
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

447
Жиырма бес адам әуе апатынан қаза тапты, бортта болған тағы екі әскери қызметкер ауыр жарақат алды, оларды күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан кем дегенде 25 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Бортта 28 адам – әскери ұшқыштар мен курсанттар болған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде болған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

"Ұшақ жерге құлап түскеннен кейін өртеніп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша Ан-26 бортында 28 адам – әскери ұшқыштар мен И.Кожедуб атындағы Харьков әуе күштері ұлттық университетінің курсанттары болған. Ұшақ апатынан 25 адам қаза болды. Екеуін күйік шалды", - деді елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі.

Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

Ан-26 апатының мән-жайы мен себебін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

"Сенбі күні Украина мемлекетінің басшысы Владимир Зеленский Харьков облысына келеді", - деп хабарлады президент кеңсесі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аз уақыт бұрын ұшақтың бір қозғалтқышы істен шыққан.

447
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, ұшақ апаты, Украина
Тақырып бойынша
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды
Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағының жолаушылары жанжал шығарды - видео
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді
Еуропарламент эмблемасы

Батыс қырғи қабақ соғыстың жаңа кезеңіне аяқ басты

85
Батыс жариялаған жаңа қырғи қабақ соғыс мүлдем жаңа кезеңге аяқ басты. Антиресейлік үндеулер өзгеше ойлайтын, пікірі мен көзқарасы ресми идеологияға қарама-қайшы келетін топтардың ізіне түсуге ұласып жатыр

Осылайша, антиресейлік санкциялар мен шабуылдардың басты мақсаты Ресей емес екеніне барған сайын көзіміз жетіп келеді, деп жазады РИА Новости.

Еуропарламенттің Ресей мен оның саясатына қатысты соңғы үндеулері тым қатал, тіпті Ресей конституциясын өзгертуге қатысты талап та бар. Алайда, Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропарламент мінберіндегі ресми баяндамасында Ресейді тек бір жерде ғана ауызға алады. Ол "Ресеймен тығыз қарым-қатынасты жақтаушыларға қауіп төнеді" дегенге саяды. Яғни, бұл Мәскеуге емес, Еуроодақ құрамындағы мемлекеттерге, әсіресе саяси топтарға қаратыла айтылған ескерту іспетті көрінді.

Батыс баспасөзінің Ляйеннің Ресейге қатысты айтылған бірауыз сөзін іліп алып, бірінші бетке "Еуроодақтың көшбасшысы Ресеймен байланыстан сақтандырады" деп шығарудағы басты мақсаты "Кремльге қарсы" тезистерді оқырмандардың санасына барынша ұялату екені анық.  

Ал ішкі оппозицияға деген қарсылықтың күрт өсуінен шындыққа тура қараудан, оны естуден туындаған қорқынышты аңғару қиын емес. Бұған Германияның өзінде еуропалық саясаткерлер көп айыптайтын оппозиционерлер мен "өзгеше ойлайтын топтардың" барған сайын айрықша құрметке бөленіп келе жатқанын мысалға келтіруге болады. 

Жақында бұл проблемаға немістің Süddeutsche Zeitung газеті назар аударды. Онда "Германияда Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы зор, бұл жерде Навальныйдың улануы көп қарама-қайшылық туғызды. Мемлекеттік телеарнаның неміс тіліндегі бөлімшесі саналатын RT Deutsch-тің мақалалары айрықша танымалдылыққа ие: Еуропаның сыртқы байланыс қызметінің деректері бойынша олар Германияның әлеуметтік желілерінде екінші орында тұр" деп жазылған.

Süddeutsche Zeitung авторлары мұндай жағдайдың неліктен болып жатқанын, сондай-ақ соңғы жылдары неміс газеттерінің танымалдығы неге күрт төмендеп кеткенін түсіндіре алмайды. Олардың пікірінше, ресейлік БАҚ-тың Еуропадағы басты мақсаты - еуропалық қоғамның ішінде  "күмән туғызу" екен. Сонда батыс журналистері қай кезден бастап мәселеге күмәнмен қарауды жаман ұғыммен теңестіретін болған? Демократияшыл Еуропа әрқашан тоталитаризм мен ресми ортақ пікірді айыптап келді емес пе? Ендеше, отандастары Ресейге қатысты көп айтылатын "улану" мен "ішкі саясатқа араласу" деген мәселелерді тек жергілікті газеттер мен телеарналардың ақпараттары бойынша ғана зерделемей, оның шынайылығына басқа БАҚ-ты саралай келе, көз жеткізгісі келсе, оған батыс журналистері мен саясаткерлері неге таңғалады?

Бұл тек Германияға ғана қатысты емес. Еуропаның қай елін алсаңыз да, жүйесіз БАҚ пен әлеуметтік желілерде "ресейшіл" көзқарастың неліктен соншалықты танымал екендігіне көз жеткізуге болады. Мысалы, чех сарапшысы Ян Шир мұны "журналистердің дайындығы мен кәсібилігінің кемшіндігімен" түсіндіреді. Демек, оларға "дұрыс бағыт беру" керек, дейді сарапшы.

Оның ойынша, мәселен, журналистерді Донбасс бүлікшілерін "сепаратистер" емес, "Ресей армиясы" деп атауға көндірсеңіз күткен нәтижеге қол жеткізуге болады.  Яғни, ең бастысы, оқырмандарға күмән мен күдік тудыратын "бұлыңғыр картина" ұсынбау. Ол үшін Чехия телеарнасының эфиріне күдік пен күмән тудырмайтын "дұрыс" сарапшыларды ғана шақыру керек, деп есептейді Шир. Бұған Навальныйға және оның улануына қатысты жәйтті мысалға келтіруге болады.

Шир және соған ұқсас сарапшылар кез келген ақыл-есі дұрыс адам Ресейдің "оккупанттары" немесе "улағыш Путин" туралы жазылған газеттерді оқи отырып, ерте ме, кеш пе мұндай "сенсациялық фактілердің" рас-өтірігін іздеуге тырысатынын түсінгісі келмейді.  Егер, оқырмандар газеттерден ештеңе таппаса, сөзсіз, басқа балама дереккөздерге жүгінері анық. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропада көбірек танымал болуын міне, осымен түсіндіруге болады. Себебі, олар, ең болмағанда, белгілі бір мәселені әр қырынан қарастыруға және белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ресеймен күресуші және Еуропаны "өзгеше ойлайтындардан" тазартқысы келетін батыс сарапшылары міне, осыдан қорқады.

Бұған осы аптада Италияның бірнеше аймағында өткен жергілікті сайлауды мысалға келтіруге болады. Тоскана аймағында оппозициялық "Лиганың" алдағы жеңісінен қорыққан ақпарат құралдары қайтадан антиресейлік үндеуді алға шығарып, "Ресейдің қаржыландыруы" туралы әңгімені еске түсірді. Негізгі "дәлел": бір кездері "Лигамен" байланыста болған электр компаниясы иесінің орыс әйелі бар және ол ақшасын Ресейге аударып отырған-мыс... Мұндай "жанжалдың" өзі "Лигаға" тағылған айыптарды жоққа шығарады, себебі антиресейлік айыптауларға сүйенсек, "ақша Ресейден келіп жатқан жоқ, керісінше Ресейге жіберіліп жатыр". Бірақ, олар оппозицияның Кремльмен қандай да бір байланысы бар деген әңгімеге қалай да оқырманын сендіргісі келеді.

"Лига" жетекшісі Сальвинидің осы жылдар ішінде ешкімнің одан "рубль де, қуыршақ матрешка да таппағаны" туралы мәлімдемесі Италияның либералды БАҚ-ы мен Брюссель саясаткерлерін еш қызықтырмайды. Оның осы сөзін өзіне қарсы қолданғысы келген еуропалық либералдар идеологтарының бірі Ги Верхофстадт Еуропарламенттің мінберінде тұрып Сальвиниді "Путиннен ақша алды" деп айыптайды.

"Менің ойымша, бізге "уағыз айтқысы" келетін мұндай адамдар Еуроодақты жойғысы келеді және ол үшін ақша алады", - деді Бельгияның бұрынғы премьер-министрі.

Шын мәнінде, ішкі оппозицияға қарсы бағытталған айыптаулардың дені осыған ұқсас келеді. Алайда, ол шынымен ресейшіл ме және оның Мәскеумен байланысы бар ма, жоқ па, ол жағы ешкімге маңызды емес. Ең бастысы – қарсыластардың аузын жабу. Мұндай айыптаулар Еуропаның біраз елінде әлдеқашан сыналған.

85
Ақорда ғимараты

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

0
Ақордадағы кездесуде демографиялық саясат, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев  

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

0
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды