Портфель

Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді

11788
(Жаңартылды 20:24 14.09.2019)
Филиппин елінің мемлекет басшысы Родриго Дутерте елдегі ең басты проблема жемқорлық екенін атап өтіп, қатаң шара қолдануға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Филиппин президенті Родриго Дутерте пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат етіп, бірақ оларды өлтірмеу қажеттігін айтты.

Дутертенің айтуынша, сотталып кетпес үшін жемқорлардың аяғынан ғана атқан жөн, деп хабарлайды Manila Bulletin газеті.

"Салық, жарна, кеден бажын және тағы басқаларын төлеп жүрсеңіздер, ал мына ақымақтар пара сұрайтын болса, оларды ұрыңыздар. Қаруларыңыз болса, атыңыздар, бірақ өлтірмеңіздер. Әйтпесе сот кезінде кешірім берілмейді", - деп мәлімдеді Филиппин басшысы бейсенбіде.

Оның айтуынша, заңды бұзған шенеунікті атқан адамға "ауыр дене жарақаты салынуы мүмкін", бірақ ол бас бостандығынан айырылмайды.

Дутерте Филиппин елінде жемқорлық басты проблемаға айналғанын атап өтті. Сол себепті президент халықтан шенеуніктер жемқорлық жасаса немесе құқық бұзса, бірден хабарлауды сұрады. Мемлекет басшысы мұндай жағдайды естіген бойда шенеунікті шақырып алып, шағым түсірген адамға оны ұруға рұқсат етпек.

Тағы оқыңыз: Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады: Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Родриго Дутерте 2016 жылдың мамыр айында Филиппин президенті болып сайланды. Ол қылмыскерлермен күресте қатал шара қолдануды жақтайды.

11788
Кілт сөздер:
жемқорлық, пара, президент, Филиппин
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты

1036
(Жаңартылды 12:03 05.08.2020)
Қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр. Бітімгерлік миссияны орындау үшін барған 120 қазақстандық әскери бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан астанасындағы жарылыстан кейін қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Ливанда консулдық тіркеуде 113 Қазақстан азаматы тұр.   

"Біздің дипломаттарымыз олармен байланыста. Жарақат алғандар жоқ. Дипломатиялық миссияның кеңсесіне зақым келді. Бірақ оның бәрін қалпына келтіреді. Біздің қызметкерлеріміз және олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ", - дейді Тілеуберді. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Ливан аумағында 120 қазақстандық әскери бар. Олар бітімгерлік миссияны орындау үшін барған. 

"Олар бір күн бұрын орналасатын жерлеріне жетті. Барлығы аман-есен. Қазіргі кезде олардың ротациясы жүріп жатыр", - деп атап көрсетті Тілеуберді.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливанның астанасында жергілікті уақытпен сағат 18:00 кезінде теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталды. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмады. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

 

1036
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, сыртқы істер министрлігі
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды
Қаралы күн: Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты
Қазақстандықтарды дүрліктірген оқиға: Тоқаев тапсырма берді
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

90
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

90
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

0
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

0