Әлем

Қалыңдығына ерекше сөз салған жігіт көз жұмды – видео

CC0 / / Обручальное кольцо
Обручальное кольцо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Стивен Вебер сүйіктісі Кенеша Антуанмен бірге бөлмелерінің бірі су астында орналасқан ағаш үйде тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Америкалық жігіт өзінің Танзаниядағы еңбек демалысы кезінде қалыңдығына үйлену туралы сөз айтамын деп қаза болды.

Sky News агенттігінің хабарлауынша, Стивен Вебер сүйіктісі Кенеша Антуанмен бірге бөлмелерінің бірі су астында орналасқан ағаш үйде тұрған. Ер адам сырттан Кенеша отырған бөлменің терезесіне қарай жүзіп келмек болады. Қолында жүзік мен тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жазылған бір парақ қағаз болған.

Тағы оқыңыз: Тойда қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді – видео 

Бойжеткен жігітін видеоға түсіріп, артынан Facebook-те жариялады. Ол "Стивен сол күйі жоғарыға көтерілмеді, жауабымды ести алмады" деп жазды. Алайда күйеу жігітке не болғанын тарқатып айтпаған.  

Жаңалықтар
0